» » » Қазақстанның «Үздік актері» анықталды

Қазақстанның «Үздік актері» анықталды


Актер Дәурен Серғазин «Үздік актер» номинациясы бойынша «Саxнагер-2018» ұлттық сыйлығының иегері атанды, деп хабарлайды Астана қаласы Мәдениет және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Қазақстан театрлар қауымдастығы ұйымдастыруымен өткен, 27 наурыз – Халықаралық Театр күні мерекесіне орай, Жастар театрының негізін қалаушылардың бірі, кино актері Дәурен Серғазин «Үздік актер» номинациясы бойынша «Саxнагер-2018» ұлттық сыйлығының иегері атанды.
Ол театр сахнасында Хлестаков, Люченцио, Қожа, Әмір, Артур сынды көптеген рөлдерімен қалың көрерменнің жүрегінен орын алып жүрген, кино әлемінде «Алдар көсе», «Шәмші аға» бейнелерімен көпшілік қауымға кең танылған. Сондай-ақ, жас әрі талантты актриса «Тілеп-Сарықыз» қойылымында Сарықыздың сүйкімді бейнесімен, «Моцарт» мюзклінде Алоизияның әдемі ырғақты дауысымен көрерменнің көзайымы болып жүрген Назерке Серікболова Сахнагердің арнайы «Үміт» сыйлығымен марапатталды.


http://stan.kz

29 наурыз 2018 ж. 463 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (9541)

20 тамыз 2019 ж.

№64 (9540)

17 тамыз 2019 ж.

№63 (9539)

13 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031