» » » Сәкен Майғазиев жаман видеоларды таратқан жандарға ренішін білдірді

Сәкен Майғазиев жаман видеоларды таратқан жандарға ренішін білдірді

Сәкен Майғазиев жас қыздардың видеосын таратқан желі қолданушыларына ренішін білдірді

Сәкен Майғазиев күні кеше әлеуметтік желі арқылы тарап кеткен екі кішкентай қыздың әдепсіз видеосына қатысты пікір білдірді. Әнші оны желіде таратқан адамдарға ренішін білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл жайында әнші Instagram парақшасында жариялады.

"Ассалаумағалайкум, ардақты ағайын! Кешеден бері Whatsapp желісі арқылы таралып жатқан масқараны бір-бірімізден сүйінші сұрағандай, жерден жеті қоян тапқандай жаhанға жар салып, жарыса жариялап жатқанымыз жүректі ауыртады. Өзге ұлт өкілдеріне әбден күлкі болдық-ау!

Айталық, наурыз мейрамы күні дастарқаннан сарқыт жинап жатқан ағайынды күлкі қылып, Whatsapp, Instagram, Facebook желілеріне тараттық. Не үшін? Қазақты мазақ қылу үшін бе?!

Бүкіл наурыз мейрамы бойы көзге ілінетін бір жақсылық, игі шара көрмедік пе?! Таратылып жатқан зиянды суреттер мен видеоларды жарияламауларыңызды, басқаларға таратпауларыңызды өтініп сұраймын", - деген әнші өзі осындай жағдайда не істейтінін айтты.

"Мәселен, маған бір пайдасы жоқ видео келсе, дереу өшіріп тастаймын. Жамандыққа жәрдемші болу, күнәні көпке тарату күнәнің "атасы" екенін білейік. Телефондарыңыздағы барлық жаман видеоларды Алла разылығы үшін өшіріп тастауларыңызды сұраймын. Әсіресе, көпшілік көрсін деген мақсатпен Instagram, Youtube желілеріне жариялаған жандарды ұлт дұшпаны деп санаймын.

Өрескел қателікке ұрынған адамның не балалардың орнына өзіңізді, ата-анаңызды, бала-шағаңызды қойып көріңізші. Шыбын сасыған тезекке, ал бал арасы жұпар иісті гүлге қонады (құмар болады). Сіз де өз таңдауыңызды жасаңыз", - деді әнші.

Ал оқырмандар сүйікті әншілерінің бұл жазбасын қолдай кетті.


https://kaz.nur.kz
30 наурыз 2018 ж. 718 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 49

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930