» » » БАТЫРХАН ШҮКЕНОВ АТЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘНШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ

БАТЫРХАН ШҮКЕНОВ АТЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘНШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ

Мамырдың 16-18-і күндері аралығында Қызылордада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған «Отан-Ана» ІІ республикалық әншілер байқауы өтеді. Астана қаласының 20 жылдығы мен Қызылорданың 200 жылдығына тұспа-тұс келген бұл байқауды Қызылорда облысы әкімдігі қолдап отыр.
Республикалық байқауға 18-30 жас аралығындағы әншілер қатыса алады. Қатысушылардың өнер көрсету реттілігі алдын-ала жеребе таңдау арқылы анықталады. Байқаудың басты ерекшелігі, әншілерге минусовкада бэк-вокалды қолдануға рұқсат берілмейді. Конкурстың бірінші кезеңінде талапкер еркін тақырыптағы әнді фонограммамен (минус-1) орындаса, ІІ кезеңде Б.Шүкеновтің әнін инструменталды ансамбльдің сүйемелдеуімен айтуы тиіс. Қатысушылардың өнерін бағалайтын қазылар алқасының құрамында белгілі кәсіби музыканттар, композиторлар, өңдеушілер мен мәдениет және өнер қайраткерлері болады. Ресейден танымал музыканттар мен белгілі тұлғалар арнайы қонаққа келмек.
  Байқауды Қызылорда облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және «Таңдау» продюсерлік орталығы ұйымдастырып отыр.
  Байқауға қатысу туралы өтінімдерді 2018 жылдың 20 сәуіріне дейін Алматы қаласындағы «Таңдау» продюсерлік орталығы мен Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығына жіберу керек.
Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата көшесі, 78. Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы, 8/7242/ 27-76-33, 27-26-56, + 7 705 863 80 70, +7 702 9141434, email: zhdclub@mail.ru
  «Таңдау» продюсерлік орталығы, тел: 8(7273 ) 78-91-04, +7 701 949 19 33, +7 778 435 73 02 email: otan_ana_2018@mail.ru
   18-мамыр конкурс талапкерлерінің қатысуымен ашық аспан астында Батырхан Шөкеновты еске алуға арналған Гала-концерт болады. Дәл осы күні Батырхан Шөкеновтің ескерткіші қойылып, ас беріледі. Сонымен қатар, өнерпаздар тал отырғызып, қаланы көгалдандыру жұмыстарына атсалысады. Байқау тұңғыш рет 2016 жылы өтіп, оған 27 өнерпаз қатысқан еді…
05 сәуір 2018 ж. 673 1

Гость Jeaplause от 16 наурыз 2019 23:12
Propecia Calvicie Priligy And Levitra Achat Viagra Forum cialis cheapest online prices What Does Levitra Look Like Brandlevitra On Line Secure Ordering Isotretinoin With Free Shipping Direct

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (9652)

22 қыркүйек 2020 ж.

№72 (9651)

19 қыркүйек 2020 ж.

№71 (9650)

15 қыркүйек 2020 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930