» » » «Ел арна» міндетті телеарналар тізіміне енеді

«Ел арна» міндетті телеарналар тізіміне енеді


«Ел арна» міндетті телеарналар тізіміне енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР ақпарат және коммуникация министрлігіне сілтеме жасап.

«Мiндеттi теле, -радиоарналардың тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы инвестициялар мен даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылдың 13 сәуіріндегі №368 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР ақпарат және коммуникация министрлігінің бұйрығында «Ел арна» каналының аталған тізімге енгізілетіні жайлы айтылған.

«Ел арна» - келесі редакцияда ұсыну, реттік нөмірі 5, жоғарыда көрсетілген жолда міндетті теле-радиоарналардың тізіміне енгізілсін», - делінген бұйрықтың жобасында.

Құжат жария талқылауға 24 сәуірге дейін шығарылды.
Сонымен қатар, бұйрықтың қолданыстағы редакциясында «Білім және мәдениет» арнасы көрсетілген. Айта кетейік, ол 2016 жылдың қазанында «Kazakh TV» телеарнасының құрамына енгеннен кейін жеке хабар таратуды тоқтатқан болатын.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР АКМ 2018 жылғы 13 наурыз және 19 наурызда мiндеттi теле, -радиоарналардың тізімінде бір бос орынды толтыру мәселесі қарастырылған телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселесі бойынша комиссия отырыстарын өткізді. Комиссияның қорытынды отырысында ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауысымен «Ел Арна» телеарнасын міндетті теле, -радиоарналардың тізіміне енгізу ұсынылды.

Baq.kz
13 сәуір 2018 ж. 100 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9449)

18 қыркүйек 2018 ж.

№69 (9448)

15 қыркүйек 2018 ж.

№68 (9447)

11 қыркүйек 2018 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930