» » » АРҚАЛАП АБЫЗ ЕСІМІН, ТЕРБЕТКЕН БІЛІМ БЕСІГІН

АРҚАЛАП АБЫЗ ЕСІМІН, ТЕРБЕТКЕН БІЛІМ БЕСІГІН


Жуырда Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйінде Сыр өңірінің 80 жылдық белесті бағындырған тарихы терең, тағылымы мол іргелі оқу орны Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушы-профессорларының қа­ты­суымен «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы: жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасы» тақырыбында кездесу өткізілді. Елбасының үндеуін халыққа түсіндіру, насихаттау және мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағдар беру мақсатында өткен алқалы жиынға аудандық білім ұйымдарының басшылары, ұстаздар, бітіруші түлектер және олардың ата-аналары қатысты.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов ашып, еліміздің ертеңі – жас ұрпақтың болашағына бағдар болар кездесудің келелі жақтарына тоқталды.
Биыл аудан мектептерін 345 оқушы бітіріп, болашаққа қадам басады. Оның 262 оқушысы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады деп жоспарлануда. Осы түлектердің 59-ы Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетін таңдап, оқуға ықылас білдіруде. Иә, республикалық деңгейде ғылыми әлеуеті жоғары Қызылорда мемлекеттік университетінің түлектері еліміздің түкпір-түкпірінде әр салада еңбек сіңіруде. Жалағаш ауданы бойынша білім саласында университет түлектерінің 13-і мектеп директоры, 8-і мектепке дейінгі ұйым басшылары қызметін атқаруда. Жалпы ұстаздардың 62,3 пайызы осы киелі шаңырақтың түлектері. Бұл – біз үшін ерекше мақтаныш.
– Елбасы ұсынған бес әлеуметтік бастаманың бірі – техникалық мамандықтарға гранттарды көбейту де дер кезінде қабылданған маңызды шешім. Мемлекет ІТ-технология, нанотехнология, робот техникасы сияқты жаңа мамандықтарға қосымша 20 мың грант бөлмек. Оның 11 мыңы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық білім беруге тиесілі болады. Бұл дегеніміз қазіргі қоғамда техникалық мамандықтарға сұраныстың жоғары екендігін көрсетеді. Яғни, кездесуге қатысып отырған бітіруші түлектеріміз осы мәселеге ерекше мән беріп, жан-жақты ойлануы керек деп ойлаймын, – деді аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Айтбайұлы.
Кездесуде Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің проректоры Абай­бек Жүнісов, университеттің оқу-тәрбие жұ­­мыс­­­тары жөніндегі проректоры Бақытжан Әб­ді­­кәрімов кәсібилік пен еңбек нарығына түр­лі ма­мандық иелерін даярлайтын іргелі оқу орны­ның бүгінгі тіршілік тынысы жайлы баяндады. Университеттің материалдық-техникалық ба­засы нығайып, оқу кабинеттері заманауи жаңа технологиялармен жабдықталғанын айта келіп, мұнда студенттердің оқып маман­дықтарын алып шығуларына барлық жағдай жасалғанын жеткізді. Сондықтан осындай ме­млекет қамқорлығын пайдаланып, облыс ор­талығындағы мемлекеттік оқу орны ҚМУ-не оқуға шақырды.
Бұдан кейін Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің түлектері, Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицей директоры Ләйла Шөменова, ата-аналар атынан Шолпан Көлдеева, №116 мектептің мұғалімі Айнұр Демесіновалар осы оқу орнын оқып бітіргендерін мақтаныш сезіммен айтып, жетістіктері жайлы әңгімелесе, №33 мектептің 11-сынып оқушысы Қанибай Ақниет алдағы арманы – ҚМУ-е оқуға түсіп мамандық алып, елге қызмет ету екенін жеткізді. Университеттің оқу-тәрбие жұмыстары жайлы бейнеролик көрсетілді.
Кездесуде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде оқып, білім алып, білігі мен тәжірибесін жас ұрпақтың бойына сіңіре білген бір топ ұстаздар мен әр салада қызмет ететін азаматтар университеттің «Үздік түлек» төсбелгісімен марапатталды. Жиын соңы университет өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Серік БЕРТАЕВ.
17 сәуір 2018 ж. 706 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (9565)

12 қараша 2019 ж.

№88 (9564)

09 қараша 2019 ж.

№87 (9563)

05 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 211

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 267

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930