» » » ЖЕТІ АТАҒА ДЕЙІН ҮЙЛЕНБЕУ СЫРЫ

ЖЕТІ АТАҒА ДЕЙІН ҮЙЛЕНБЕУ СЫРЫ

Жеті атаға дейін үйленбеу дәстүрі түркі тектес халықтардың ішінде тек қазақтарда ғана бар дейміз. Неге екенін білесіз бе? Ендеше осы жайында аңыз әңгімеге құлақ түріңіз:
  1467 жылы Шудың бойында Қазақ хандығы құрылып, оны Керей мен Жәнібек хандар басқарғаны белгілі. Бірде Жәнібек ханның кеңесшісі Жиренше шешен қатты ауырып, төсек тартып жатып қалыпты. Жақын жерлердегі емші, бақсыларды шақыртып қаратса да, еш ем қонбапты. Соңында атақты Өтебойдақ деген емші барын біліп, соны шақырады. Өтебойдақтың емінен кейін Жиренше жазылып, дертінен айығыпты. Жәнібек хан емшіге риза болып, бірнеше сұрақ қойыпты. Көп сұрақтарына қонымды жауаптар алып, соңғы сұрағын қойыпты:
— Қандай ауруды емдеу қиын?
— Тұқым қуалайтын ауруды емдеу қиын.
— Ал, оның алдын алуға бола ма?
— Болады. Жеті атаға дейін туыс адамдар қыз алыспау керек!
  Жеті — қазақ үшін қасиетті сан. Емшінің айтқанын Жәнібек хан жадына тоқып, халыққа жеті атаға дейін үйленуге тиым салыпты. Тіпті «Кімде кім жеті атаға толмай үйленсе, өлім жазасына кесілсін» деген жарлық шығыпты. Содан бергі қазақ хандары да осы жарлықты бұлжытпай орындап отырыпты. «Жеті атасын білмеген – жетесіз» деген содан қалған екен.
Енді жеті ата қалай аталатына келсек, газет-журналдарда да, кітаптарда да жеті атаның ұрпақтарын көбіне былай бөліп келеді:
1. Түп ата
2. Тек ата
3. Баба
4. Арғы ата
5. Ата
6. Әке
7. Бала
8. Немере
9. Немелтай
10. Шөбере
11. Шөпшек
12. Немене
13. Жүрежат
14. Туажат
15. Жекжат
16. Жұрағат
17. Қаймана.

Қазақтарда өзара құдандаласу – туажаттан басталады. Шежірелерімізді біле жүрейік!


Дереккөз: reactor.inform.kz
06 мамыр 2018 ж. 438 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9548)

21 қыркүйек 2019 ж.

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30