» » » ЕСТЕЛІК ТӨСБЕЛГІ ТАПСЫРЫЛДЫ

ЕСТЕЛІК ТӨСБЕЛГІ ТАПСЫРЫЛДЫ


Ішкі істер органының ардагері, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Таңатар Доспанов ҚР Ішкі Істер министрлігінің «Қазақстан полициясына – 25 жыл» естелік төсбелгісімен марапатталды.
Т.Доспанов аудандық ішкі істер бөлімінде учаскелік инспектор, қылмысты іздестіру бөлімінің бастығы, бөлімше бастығының оперативті істер жөніндегі орынбасары, облыстық ішкі істері департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бөлім бастығы болды және қаржы полициясында жауапты қызметтер атқарды. Қазіргі уақытта аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне басшылық жасап келеді.
Салтанатты рәсімде ҚР ІІМ-нің «Құр­метті азаматы», аудандық ішкі істер бөлімі ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Ержанов «Қазақстан полициясына – 25 жыл» төсбелгісін Т.Доспановқа табыс етіп, игі тілегін жеткізді. Аудандық ішкі сая­сат бөлімінің басшысы Ғ.Телібаев, ішкі істер органының ардагері Б.Нұржанов, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас есепшісі М.Нұрмаханова марапат иесін құттықтап, алдағы қызметіне табыс тіледі.

С.БЕРТАЕВ.

15 мамыр 2018 ж. 88 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (9439)

11 тамыз 2018 ж.

№59 (9438)

07 тамыз 2018 ж.

№58 (9437)

04 тамыз 2018 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

20 шілде 2018 ж. 33

Жол уақытша жабылады

10 шілде 2018 ж. 58

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031