» » » ӘН КӨГІНДЕ ЖАҢА ЖҰЛДЫЗ ЖАРҚЫРАДЫ

ӘН КӨГІНДЕ ЖАҢА ЖҰЛДЫЗ ЖАРҚЫРАДЫ


«Qyzylorda» телеарнасы ұйымдастырған ХІ облыстық «Сыр жұлдыздары» телебайқауы мәресіне жетті. Талай таланттың тұсауын кескен жоба қорытындысында ән көгіндегі жаңа жұлдыздың есімі анықталды.
Қазақ эстрадасының жарық  жұлдыздары Гүлнұр Оразымбетова, Мадина Сәдуақасова, Алмас Кішкенбаев, Өмірқұл Айниязов, Гүлхан Сіргебаева, Ербол Шарипов, классикалық жанрдағы әншілер Бибігүл Жанұзақ, Тахауи Рахметов өнердегі ең алғашқы қадамдарын осы телерна ұйымдастырған «Әнші балапан», «Таңшолпан»  байқауында өнер көрсетіп, үлкен сахнаға  жолдама  алды. «Сыр жұлдыздары» телебайқауының тұсауы кесілгелі бері де жұлдыздардың осындай тағы бір үлкен шоғыры қалыптасып  үлгерді.
Конкурстың іріктеу кезеңіне, жартылай финалына 100-ге жуық талантты жас қатысып, үздіктер ақтық сынға өтуден үмітті болды. Өнерпаздар екі айналымда жанды дауыста екі әннен орындады. Ал олардың  өнерін саралап, артық-кемшін тұстарын Бақтияр Тайлақбаев бастаған өнер саңлақтары бағалады.
Биылғы өнер бәйгесінде 17 жас орындаушы топ алдына шықты. Екі айналым бойынша бақ сынаған өнерпаздар көңіл сырына айналған әндерін қазылар алқасына ұсынса, екінші айналымда Қазақстан және шетел сазгерлерінің танымал әндерін орындады.
Нәтижесінде Азамат Алтай, Нұрболат Шалабай, дуэт болып шырқаған Аружан Төлепберген мен Аружан Шалабай, ең жас қатысушы Арай Берік жеңімпаздар қатарынан көрінді. Ал, ХІ облыстық «Сыр жұлдыздары - 2018» байқауының гран-приін Камила Болатбек еншіледі. Ол Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің вокал бөлімінің студенті, республикалық «Ғұмырдария», «Музыка әлемі» байқауының бас жүлде иегері.
Шара соңында жеңімпаздар ақшалай сыйлық пен арнайы дипломдармен марапатталды. Осылайша, жас әншілерді өмірге әкеліп, таланттарды танытқан кезекті жоба өз мәресіне жетіп, Сыр көгінде жаңа жұлдыз жарқырады.

Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ,
«Сыр бойы».
15 мамыр 2018 ж. 105 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (9456)

13 қазан 2018 ж.

№76 (9455)

09 қазан 2018 ж.

№75 (9454)

06 қазан 2018 ж.

Сұхбат

12 жасар композитор
28 қыркүйек 2018 ж. 146

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031