» » » Бәріміз «сындық» қой: Сәкен Майғазиев әнші Меруерт Түсіпбаевамен алғаш танысқандағы сезімі туралы мойындады

Бәріміз «сындық» қой: Сәкен Майғазиев әнші Меруерт Түсіпбаевамен алғаш танысқандағы сезімі туралы мойындады

ÐÓÑÑмÑз «ÑÑндÑÒ» Òой: СÓкен ÐайÒазиев ÓнÑÑ ÐеÑÑеÑÑ Ð¢Ò¯ÑÑпбаевамен алÒÐ°Ñ ÑанÑÑÒанда ÒаÑÑÑ ÒобалжÑÒанÑн мойÑндадÑ

Танымал әнші, «МузАрт» тобының мүшесі Сәкен Майғазиев өнердегі әріптесі Меруерт Түсіпбаевамен алғаш танысқанын еске алып, қатты қобалжығанын мойындады, деп жазады Stan.kz.


Әншінің сөзінше, ол Меруертпен 1995 жылы танысқан.
«Гүлдер» ансамбліне Жеңіс Сейдоллаұлы ағамды іздеп бардым (ізденген түрім ғой). «Гүлдердің» қара шаңырағында бірнеше өнерпазбен бірге Меруерт Түсіпбаева  да отыр екен (бірінші көруім). Меруерттің «Қимай сені барамын» деп «қиратып» жүрген кезі (Жігіттер, мойындаңдаршы, бәріміз «сындық» қой. Әлі де).  Содан қойшы, Меруерт «кімге келдің, не қылып жүрсіңнің» астына алды. РЭЦК-ң 2-курс студенті екенімді, болашақ әнші екенімді айтып, ағымнан жарылып жатырмын. «О-о-о, қазақ эстрадасына тағы бір сымбатты жігіт келейін деп тұр екен ғой…», – деді» , – деп жазды Майғазиев Instagram-парақшасында.
Сонымен қатар Сәкен Меруерттен естіген жылы сөзінен кейін қатты толқығанын да жасырмады.
«Түсіпбаевадай сұлудан сұлу сөз есту. Күні бойы толқып, түні бойы дөңбекшіп шықтым (арасында барып айнаға қарап қоям)», – дейді ол.
Алайда арада бірнеше жыл өткеннен кейін Сәкен дәл осы оқиғаны Меруерттің өзіне баяндап берген. Алайда Түсіпбаева «есімде жоқ» деп қатырыпты.
«Эстрадаға келіп, «МузАРТ» құрылған соң Меруертке «Осыдан он жыл бұрын маған баға беріп, басымды айналдырғансың» дедім. Ол: «Солай ма? Есімде жоқ», – демесі бар ма», – дейді Сәкен Майғазиев.
Өз сөзінде Майғазиев өнердегі әріптесін кеше өткен туған күнімен құттықтап, ақ тілегін білдірді.

 Stan.kz

07 тамыз 2018 ж. 475 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9573)

10 желтоқсан 2019 ж.

№96 (9572)

07 желтоқсан 2019 ж.

№95 (9571)

04 желтоқсан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 497

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 481

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031