» » » Нұрлан Қоянбаев «Бизнес по-казахский» фильмінің жалғасын Африкада түсірмек

Нұрлан Қоянбаев «Бизнес по-казахский» фильмінің жалғасын Африкада түсірмек

Актер, продюсер Нұрлан Қоянбаевтың «Бизнес по-казахский» фильмінің екі бөлімі де көпшіліктің көңілінен шыққан еді. Көрерменнің жүрегіне жол тапқан тартымды әрі жеңіл фильм тағы да жалғасын таппақ. Алайда бұл жолғы түсіпрілімі Африкада өтеді екен, деп жазады Stan.kz.




Фильмнің түсірілім жұмыстарын бастау үшін Нұрлан бірер күн бұрын командасымен Африкаға аттанған еді.
«Киносүйер қауымның тілегі фильмдердің жалғасын күту екен. Ал ендеше «Шешінген, судан тайынбас» дегендей, түсірілім тобы мен актерлерімізді жинақтап, қазақстандық түсірілім тобы алғаш рет алыс Африка құрлығына сапарға шығуға дайынбыз», – деп жазды Қоянбаев сапар алдында Instagram-парақшасында.

Бүгінде олар кениялық әріптестерімен жұмысты бастап кеткен.
КТК арнасына берген сұхбатында Қоянбаев қобалжып тұрғанын жасырмады.
«Не күтеміз? Әрине бұл үлкен, халықаралық жоба. Қобалжып тұрмыз. Африкада біз бірінші рет болайын деп тұрмыз. Менталитеттер арасындағы қақтығыс өте күлкілі болады. Жағдайдың өзі қызық. Локация көп», – дейді Қоянбаев.
Айта кетсек, «Бизнес по-казахский в Африке» фильмі желтоқсан айында көрермендер назарына ұсынылатын болады.


Stan.kz
15 тамыз 2018 ж. 393 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (9541)

20 тамыз 2019 ж.

№64 (9540)

17 тамыз 2019 ж.

№63 (9539)

13 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031