» » » Айдана Меденованың жаңа бейнебаянын “робот” түсіруде

Айдана Меденованың жаңа бейнебаянын “робот” түсіруде

Ðйдана Ðеденова

Айдана Меденова белгілі тележүргізуші Нұрсұлтан Есжанмен бірге түнгі клубта көзге түсті. Отбасылы бикештің бұл қылығын дұрыс түсінбей жатқандар бар. Алайда Айдана бар болғаны Нұрсұлтанды кезекті бейнеклипінің кейіпкері етіп алыпты.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
“Мына Айдананың да ұсынысынан бас тарта алмадым. Өйткені, өзім үшін қызық болды. Бейнебаян болғанына қарамастан. Образ жайына келер болсақ, жас жігіт, қарапайым еден жуушы жігітке Айдана ғашық болып қалады. Ары қарай ашып айтпай-ақ қояйын”, – дейді Нұрсұлтан Есжан.
Бұған дейінгі бейнеклиптерде Айдана айналадағы жігіттердің өзіне ғашық екенін көрсеткісі келетін. Бұл жолы керісінше. Меденова тың туындысының ел көңілінен шығатынына сенімді.
Жаңа әннің сазы мен сөзін қырғыз композиторы, ал қазақша нұсқасын Меденованың өз жездесі жазып беріпті.
Бұл бейнебаянның тағы бір ерекшелігі – оны кәсіби маман емес, арнайы құрылғылар, тірі жанның көмегінсіз түсіріп жатқан көрінеді.
“Бұл түсірілім ерекше болатын сияқты. Өйткені, әдеттегідей тек оператр түсіреді ғой, бұл жерде робот түсіреді. Сондықтан, сондықтан сондай бір екекше болатын сияқты”, – дейді Меденова.

Stan.kz


19 қыркүйек 2018 ж. 341 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (9557)

15 қазан 2019 ж.

№80 (9556)

12 қазан 2019 ж.

№79 (9555)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031