» » » Кенжебек Жанәбілов құлағы кеміс балаларға мектеп ашу үшін елден көмек сұрады

Кенжебек Жанәбілов құлағы кеміс балаларға мектеп ашу үшін елден көмек сұрады

Ðенжебек ÐанÓбÑлов ÒұлаÒÑ ÐºÐµÐ¼ÑÑ Ð±Ð°Ð»Ð°Ð»Ð°ÑÒа мекÑеп аÑÑ Ò¯ÑÑн елден көмек ÑÒ±ÑадÑ

Кенжебек Жанәбілов құлағы кеміс балаларға арнап мектеп ашқысы келетінін бұған дейін де айтқан еді. Өз ұлының есту қабілетінде ақау болғандықтан, өнер иесі кемтар балалардың ата-аналарын жақсы түсінеді. Сондықтан да оларға көмектеспек ниетте, деп жазады Stan.kzтілшісі.

Қазіргі таңда “Музарт” тобының әншісі мектеп ашуға қажетті құжаттарын дайындау үстінде. Алайда үкіметтен қолдау табу үшін әншіге халықтың көмегі қажет екен. Бұл туралы ақын Айнұр Тұрсынбаева айтып берді.
“Бұлар Кенжебек пен Жәмиләнің егіз қыздары. Кенжебектің әкесі Тұрсынбай, мен Тұрсынбаевамын. Туыстығымыз бар аздап. Ал мәселені бастайын! Кенжебек деген бір құдай бере салған бала! Ата-анасынан жастай қалса да Алланың қолдауымен жарқырап жұлдыз болып шыққан бала! Тұғышы Аxмет туғанда қандай қуанды десеңізші. Өзі жастайынан жетім өскен адамның мейірімі де ерекше болады ғой. Өкінішке орай Аxмет туғанда құлағы естімей туды. Жәмилә екеуі жүгіріп жүріп бармаған жері, баспаған тауы жоқ. Сөйтіп жүріп ота жасатты. Толықтай естіп кетпесе де нәтиже жаман болмады.

Ðенжебек ÐанÓбÑлов ÒұлаÒÑ ÐºÐµÐ¼ÑÑ Ð±Ð°Ð»Ð°Ð»Ð°ÑÒа мекÑеп аÑÑ Ò¯ÑÑн елден көмек ÑÒ±ÑадÑ

Сол Кенжебек енді өзінің Аxметі сияқты құлағы нашар еститін балаларға мектеп ашып жатыр екен. Бірақ үкіметтен қолдау болу үшін біз дауыс беруіміз керек екен. Керемет сауапқа ие болу мүмкіндігі бәріңізге бұйырып тұр! Дауыс беріңіздер. Алла мың еселеп қайтарсын!Менің басты парақшамдағы биода тұрған сілтемеге кіріп дауыс беріңіздер. Сілтеме бірден ашылмайды, 3-4 минут күте тұру керек. Алланың разылығы үшін!” – деп түсіндірді Айнұр.

Stan.kz

19 қыркүйек 2018 ж. 529 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (9552)

28 қыркүйек 2019 ж.

№75 (9551)

24 қыркүйек 2019 ж.

№74 (9550)

21 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031