» » » Асанәлі Әшімов өзінен айнымайтын ұлын неліктен Асанәлі деп атаған?

Асанәлі Әшімов өзінен айнымайтын ұлын неліктен Асанәлі деп атаған?

Халық әртісі, елімізге еңбегі сіңген актер Асанәлі Әшімовтің неліктен ұлына өз есімін бергені белгілі болды деп хабарлайдыzamana.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
ÐÑанÓÐ»Ñ ÓÑÑмов. ФоÑо:ÐзаÑÑÑÒ ÑадиоÑÑ

Актердің әйелі Бағдатпен қалай танысқаны, Алматыда төрт қабатты пәтерде тұратыны жайлы шымкенттік досы Әбутәліп Әбішев баяндап берді.

"Ағаның ұлы жайлы теледидарда айтылған жаңалықтан ести сала құттықтадым. Сосын "орыстардың Иван Иванович дегені сияқты атын неге олай  қойдыңыз" деп сұрадым. Ол кісі "Бағдат Асанәлі қояйық. Менің жанымда үнемі бір Асанәлі жүруі керек қой деп өтінгесін келістім" деп жауап берді", - дейді Әбутәліп Әбішев.

Актермен өзінің туған бауырындай араласатын Әбутәліп мырза танымал тұлғаның отбасы мен тұрмыс-тіршілігі жайлы да айта кетті.
"Асекеңнің Алматыда төрт қабатты үлкен үйі бар. Онда әйелі, ұлы үшеуі тұрады. Ұлы Асанәлі қазір есе­йіп қалды, түрі де, мінезі де әкесінен аумайды. Сол үйде Асекеңнің Сағи мен Мәдиден өрбіген немерелері, шө­берелері жиі жиналып, бәрі бас қосып тұрады. Асекең мінезі қатал болғанымен әділ, қамқор жан.Немере-шө­берелерінің уақтылы демалысына мән беріп, олардың түрлі жақтарға демалысқа баруына жағдай жасап тұрады. Ол кісі өз үйінің жанынан әйелі мен баласына деп тағы да екі қабатты үй салдырып қой­ған", - деп ағыннан жарылған кісі актердің жарымен қалай танысқанын да айта кетті.

Асанәлі Әшімов өзінен бірнеше жас кіші келіншегімен министрлер палатасының ауруханасында танысыпты. Актерге қараушы мейірбике ретінде жары Бағдатты бекіткен екен.

"Асекең бірде Бағдатқа өзінің "Майраның әні" атты кітабын беріпті. Бағдат соны екі түн оқып, жылап шыққан екен. Кейін екеуінің тұз-дәмі жарасып, қосылды. Бағдат Асекеңнің қадіріне жеткен, оған сай қосылған жар болды. Қас-қабағынан танып, бар жағдайын жасап отырады", - деді актердің бауырындай болған шымкенттік қария.

11 қазан 2018 ж. 1 017 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9457)

16 қазан 2018 ж.

№77 (9456)

13 қазан 2018 ж.

№76 (9455)

09 қазан 2018 ж.

Сұхбат

12 жасар композитор
28 қыркүйек 2018 ж. 195

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031