» » » Қазақтың халық әні Париж сән сахнасында шырқалды (видео)

Қазақтың халық әні Париж сән сахнасында шырқалды (видео)


Танымал қазақстандық дизайнерлер Парижде өтіп жатқан сән апталығына қатысуда. Сәнгерлерді қолдау үшін Францияға отандық әншілер де аттанған, деп хабарлайды Stan.kz.

Мәселен, қазақстандық дизайнерлер киім топтамаларын таныстырып жатқан уақытта, белгілі әнші Әлия Әбікен қазақтың халық әні “Бұлбұлды” шырқаған.
Бес бірдей қазақстандық сәнгер Couture апталығы аясында өз киімдерін Oriental Fashion Week-те көрсетті. Аталған шараға алғаш рет Aida KaumeNOVA, Naiyl Baikuchukov, Bibisara, Dinara Satzhan сән үйлері қатысты.
Бұл туралы белгілі тележүргізуші Динара Сәтжан Instagram-парақшасында хабарлады. Айтуынша, отандық дизайнерлерді қолдауға Қазақстанның Франциядағы елшісі Жан Галиевтің өзі келген.
Айтпақшы, Париждегі сән сахнасына өзге модельдермен бірге Сәтжанның 4 жасар қызы Диана да көтерілді.


http://stan.kz
25 қаңтар 2018 ж. 749 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (9603)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (9602)

27 наурыз 2020 ж.

№22 (9601)

21 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930