» » » 2019 жылдан бастап магистратураға қабылдау ережелері өзгереді

2019 жылдан бастап магистратураға қабылдау ережелері өзгереді

ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев 2019 жылдан бастап магистратураға қабылдау ережелері өзгеретінін мәлімдеді.


Бұған дейін «Халық коммунистері» фракциясы магистратураға қабылдау ережелерін сынаған еді. Олардың пікірінше, магистратураға қабылдауды жүзеге асыратын қабылдау комиссиясының мүшелерін ЖОО ректоры тағайындайды. Өз кезегінде бұл сыбайлас жемқорлыққа жол беруі мүмкін. Гранттар сауда нысанына айналып кетуі мүмкін, деген еді фракция өкілдері депутаттық сауалды.
Өз кезегінде үкімет басшысы 2019 жылдан бастап магистратураға қабылдау тәртібі бакалавриаттағыға ұқсас ережелер бойынша жүзеге асатынын айтты.
«2018 жылы 17 мамандық бойынша магистратураға қабылдау БҒМ-ның Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технология бойына кешенді тестілеу арқылы пилоттық тәртіпте өтті. Кешенді тестілеу нәтижесінде, үміткерлерге жинаған баллы көрсетілген сертификат берілді. Үміткерлер аталған сертификаттар негізінде бакалавриаттағы тәрізді, ЖОО-ны өздері таңдады», – дейді Сағынтаев.
Сонымен қатар премьер-министр магистратураға қабылдаудың жаңа ережелерін енгізу магистратураға қабылдау процедурасының ашықтығын қамтамасыз ететінін айтты.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан
26 қазан 2018 ж. 405 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (9593)

22 ақпан 2020 ж.

№13 (9592)

18 ақпан 2020 ж.

№12 (9591)

15 ақпан 2020 ж.

Хабарландыру

Тұрғындар назарына!

19 ақпан 2020 ж. 54

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 824

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 744

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829