» » » «Қиырдағы қазақтар» фильмiнiң кезектi сериясы жарыққа шығады

«Қиырдағы қазақтар» фильмiнiң кезектi сериясы жарыққа шығады


Портал жетекшiсi «Қиырдағы қазақтар» фильмi туралы баяндап бердi. Оның айтуынша, «Қиырдағы қазақтар» - шетелдегi қазақтардың күнделiктi тұрмысын баяндайтын 8 сериялық деректi фильм. Жақында осы фильмнiң «Алыс та жақын Астрахань» атты жаңа сериясы шыққан болатын, ендi Моңғолиядағы қазақтар туралы серия жарыққа шығады. Туындының тұсаукесерi 13 ақпанда «Mega Silk Way» ойын-сауық орталығының Chaplin кинотеатрында кешкi сағат 19.00-де өтедi.

«Одан кейiн көршi елдер - Өзбекстан мен Тәжiкстанда түсiрiлiм жұмыстарын жүргiздiк. Қазiр фильмдер дайын. Оқырмандар назарына ұсынылып отыр. Бiз көптеген шақырым жол жүрiп, алыстағы ағайындардың тұрмыс-тiршiлiгiмен таныстық. Оларға бiздiң елдегi жаңалықтарды жеткiзiп, алыстағы ағайынмен екi арадағы дәнекер болуға тырыстық. Алдағы уақытта компания басшылығы мен министрлiк тарапынан бұл жоба жалғасады деп күтiлуде», - дедi Олжас Беркiнбаев.



01 ақпан 2018 ж. 433 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 71

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930