» » » Шахматшы Бибісара Асаубаеваның енді АҚШ атынан шығатыны рас па?

Шахматшы Бибісара Асаубаеваның енді АҚШ атынан шығатыны рас па?


«Құрметті отандастар! Мен, Асаубаева Бибісара, жағдайыма алаңдап, жанкүйер болып жүргендерге алғыс айтқым келеді. Сіздерді де, Отанымды да жақсы көремін. Бірақ, белгілі бір себептермен қазір жарыстарға Ресейдің атынан қатысып жүрмін. Аталған ел мені жылы қабылдап, екінші Отаныма айналды. Қазір менен көбісі қандай гаджеттер қолданатыным туралы сұрайды. Әрине, мен гаджет пайдаланамын. Ол – менің миым. Ал қулық деген нәрсе иллюзионистер мен алаяқтарға тән», - дейді Бибісара Асаубаева.

Шахматшы, мұнымен қатар, алдағы уақытта жарыстарға АҚШ-тың атынан шығу мәселесіне қатысты сұраққа да жауап берді.

«Иә, ұсыныстар болды. Бірақ, бұл ұсыныстарды қабылдамайтын сияқтымын. Америка – бұл басқа континент, өзге планета десек те болады. Ал Қазақстан мен Ресейдегі адамдар, табиғат, өмір сүру салты – барлығы бірдей. Осы жерде өзімді барынша жайлы сезінемін. Мен Мәскеуді, Ресейді, Қазақстанды, өзімнің ата-анамды және қорғаушымды жақсы көремін. Сол себепті, Америкаға тек жеңістер мен марапаттар үшін барып, әкелген сыйлықтарымды Еуразия континентінде сақтайтын боламын. Қазір мен Moscow Chess Open турниріне бара жатырмын. Маған сәттілік тілеңіздерші! Барлықтарыңызға рахмет!», - дейді ол.

Естеріңізге сала кетсек, Мәскеуге көшіп, Ресей үшін өнер көрсетіп жүрген 13 жастағы қазақтың шахматшы қызы Бибісара Асаубаеваға қатысты дау шыққан болатын. 2017 жылғы қыркүйекте ресейлік жаттықтырушы жас дарынды шахматшыны «алаяқ» деп айыптаған. Нақтыласақ, ол «қыз электрондық көмек пен гроссмейстерлердің кеңесіне жүгінді» деген.
Кейін осы мәселеге қатысты танымал адвокат Александр Добровинский өзінің Facebook желісіндегі парақшасында Бибісара Асаубаеваны қорғайтынын жазған. Сондай-ақ, ол өз жазбасында жас шахматшыға қатысты іс жайлы да баяндаған.
Атап өтсек, Бибісара Асаубаева – шахматтан әлемнің бес дүркін чемпионы. 2017 жылы ол 14 жасқа дейінгі әлемнің вице-чемпионы атанған. Тараз қаласының тумасы бірнеше мәрте Қазақстан чемпоны атағына ие болып, 7 жасында халықаралық деңгейде шебер атанған.

Baq.kz
01 ақпан 2018 ж. 537 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (9565)

12 қараша 2019 ж.

№88 (9564)

09 қараша 2019 ж.

№87 (9563)

05 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 215

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 269

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930