» » » “Кім жеңгенін білмеймін”: Данэлия Төлешова Америкадан елге оралды

“Кім жеңгенін білмеймін”: Данэлия Төлешова Америкадан елге оралды

"ÐÑм жеңгенÑн бÑлмеймÑн": ÐанÑÐ»Ð¸Ñ Ð¢Ó©Ð»ÐµÑова ÐмеÑикадан елге оÑалдÑ

Данэлия Төлешова АҚШ-тан елге оралды. Жас дарын иесінің Димаш Құдайбергенмен бірге The World’s Best шоуына қатысқаны белгілі. Сонымен жобадан енді не күтеміз? Данэлия орта жолдан шығып қалды ма?

Бұл туралы Төлешова НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz.
Данэлия Қазақстанда болғанымен, оны шоудан шығып қалды деуге әлі ерте. Себебі:
“Шоудың барлығын түсіріп қойған. Бірақ кім жеңгенін білмеймін. Кімнің өтіп, өтпегенін, тіпті қандай ән орындағандарын да білмеймін”, – дейді Данэлия.
Иә, үміткерлердің өнері әртүрлі павильондарда түсірілген. Сондықтан да әртістер қарсыластарының не дайындағанын білмейді.
Данэлияның сөзіне қарағанда, кімнің жеңгенін болжаудың өзі қиын. Себебі шоуға әлемнің түкпір-түкпірінен кілең мықтылар жиналған. Ал жобаның үшінші кезеңінде жас талант төрешілерді тағы бір жылататын секілді.
“Жантебірентерлік, бірақ күшті ән орындаймын. Бәріне ұнайтынына сенімдімін”, – дейді Данэлия.


Stan.kz

27 ақпан 2019 ж. 134 0