» » » Қайрат Нұртас жұбайын өзге режиссерлерден қызғанатынын айтты

Қайрат Нұртас жұбайын өзге режиссерлерден қызғанатынын айтты


Қайрат Нұртас үшін 10 жыл бойы жеке өмірін халықтан жасыру оңайға соқпаған. Бүгінде тыңдармандарының арасында осынша уақыт жұбайын үйде ұстап келгені үшін Қайратты сынайтындар баршылық. Алайда әнші ешқашан “бойдақпын” деп айтқан емеспін дегенді алға тартуда.

Бұл туралы Қайрат Comode.kz басылымына берген сұхбатында айтты.
“Ол – рас. Жуырда біреу «осыншама уақыт үйленгенбедім деп айтуға қалай аузың барды» деп инста-парақшама жазыпты. Мен ешқашан «үйленбедім, бойдақпын» деп айтқан емеспін. «Жеке өмірім құпия» деп қысқа жауап беретінмін. Себебі, халық менің өнерімді бағаласа дедім. Ал, жеке өмір расында да жеке болуы керек”, – дейді Қайрат.
Бұл ретте хитмен не себепті Жұлдызды елге көрсеткенін түсіндірді.
“Өйткені, ол да кәсіби актриса. Бұл саланы оқыды. Он жыл менің отбасымның ұйытқысы болып, шырағымды сөндірмей отырды. Енді оның да өнерін шыңдайтын уақыт келген сияқты”, – дейді ол.
Кәсіби актриса болғанымен, Қайрат жұбайының өзге режиссерлердің фильміне түсуіне қарсы. Себебі:
«Әйелін қызғанбаған еркек жәннатқа кірмейді» деген сөз бар. Мен шынымды айтсам, басқа режиссерлердің туындысына түсуге рұқсат беремін бе, бермеймін бе білмеймін. Сүйген жарым, отбасымның шырағы болғандықтан қызғанамын. Бәлкім, өзім түсіретін фильмдерге ғана түсуге рұқсат беретін шығармын. Мүмкін, Жұлдызға арнап арнайы сценарий жазып, кино түсіретін шығармыз”, – деп түсіндірді ол.



http://stan.kz
06 ақпан 2018 ж. 1 711 0