» » » "Таза өтірік": Қыдырәлі Болманов Гүлзира Айдарбекованың сөзін жоққа шығарды

"Таза өтірік": Қыдырәлі Болманов Гүлзира Айдарбекованың сөзін жоққа шығарды

Гүлзира Айдарбекова Қайратты сахнаға алып шығарда талай продюсердің табалдырығын тоздырдым, деген еді. Айтуынша, бұл тізімде Қыдырәлі Болманов та бар. Алайда "АБК" тобының жетекшісі Қайраттың анасының сөзін жоққа шығарып отыр. 

"Таза Ó©ÑÑÑÑк": ÒÑдÑÑÓÐ»Ñ Ðолманов ÐүлзиÑа ÐйдаÑбекованÑÒ£ ÑөзÑн жоÒÒа ÑÑÒаÑдÑ
Бұл туралы Stan.kz НТК арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 
"Шынымды айтсам, Қыдырәлі Болмановқа, Майра Ілиясоваға шықтым, енді біраз адамға айттым. Олар баланы көріп тұрып, "жарайды, біз сахнаға алып шығамыз" деп айтпады. Қыдырәлі "дайындалсын" деді. Мен барып клиптерін көрсетіп, әндерін көрсетіп жатырмын. Олардың ойы басқа жақта", - деген еді Гүлзира Айдарбекова.
Бұл ретте Қыдырәлі Болманов та үнсіз қалған жоқ. Ол Қайрат пен оның анасы алдыма келген емес, деп өз шындығын айтты. 
"Жоқ, ол таза өтірік! Маған Қайрат Нұртас келіп продюсер бол деген жоқ. Анасы да айтқан жоқ. Ешқандай ұсыныс болған жоқ. Ұсыныс болғанда мен қарар едім. Міндетті түрде тыңдар едім", - дейді Болманов.
Қыдырәлі керісінше, кезінде Қайратты қолдауда аянып қалмағанын айтты.
"Кезінде менің концертіме қатысып берші деген өтінішін орындадық. Осы жерде Қайрат Нұртастың концерті болған кезде арнайы келіп, қатысып кеттік. Одан кейін дуэт айтайық деген ұсыныстар болды. Ол енді қолымыздан келе қоймады. Уақытымыз болмады", - дейді Болманов.
Гүлзира Үсенқызы тәжірибелі продюсерлерден қайыр болмаған соң, тізгінді өз қолына алғанын айтқан болатын. 
"Маған ненің азабы дедім. Әрқайсының артынан жүгіріп, баламды қараңызшы, көріңізші, таланты бар деп. Өзім ойладым да кірісіп кеттім. Бірақ олардың бәрі маған күш берді деп ойлаймын. Егерде сол кезде жеңіл-желпі шығара салғанда, ол кезде мұның қадірі болмас еді", - деген еді Айдарбекова.
17 сәуір 2019 ж. 235 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (9405)

16 сәуір 2019 ж.

№28 (9504)

13 сәуір 2019 ж.

№27 (9503)

09 сәуір 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930