» » » "Өте қиын жұмыс": Ержан Максим мен Микелла Абрамова клип түсірді

"Өте қиын жұмыс": Ержан Максим мен Микелла Абрамова клип түсірді

Ержан Максим мен Микелла Абрамова клип түсірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 



"Голос. Дети" байқауының алтыншы кезеңінің жеңімпаздары Ержан Максим мен Алсудың қызы Микелла Абрамова жаңа клип түсірді. Бұл жайлы Микелла Абрамова желідегі парақшасында жазба қалдырған.

"Ержан Максим екеуміз "Эта любовь" әнінің түсірілім жұмыстарын аяқтадық.  Бұл - менің дебьютым. Сырт көзге оңай болып көрінгенімен, өте қиын жұмыс екенін айтқым келеді. Шаршадық деп айтудың өзі аздық ететін сияқты", - деп жазды Микелла Абрамова. 

Жас әнші таңғы төртте тұрып, алтыда камера алдындағы жұмыс басталып кететінін де жасырмады. Түсірілім жұмыстары түнгі екілер шамасында аяқталып тұрған көрінеді. Клиптің түсірілім жұмыстары аяқталып, мамандар туындыны монтаждауға кірісіп кеткен.

Stan.kz 

13 маусым 2019 ж. 437 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (9654)

29 қыркүйек 2020 ж.

№74 (9653)

26 қыркүйек 2020 ж.

№73 (9652)

22 қыркүйек 2020 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930