» » » "Мұқағали" фильмінің түсірілімі басталды

"Мұқағали" фильмінің түсірілімі басталды

© kazakhfilmstudios.kz

"Қазақфильмде" "Мұқағали" көркем фильмінің түсірілімі басталды. Картина ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жайында сыр шертеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі киностудия баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фильмнің режиссері танымал қазақстандық режиссер Болат Қалымбетов. Картинаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ түсіріп жатыр.  



"Бұл фильм ақын жайлы ғана емес, адам жайлы, адамның тағдыры жайында", - дейді фильмнің режиссері Қалымбетов. Түсірілім  жұмыстары Өскемен қаласында басталды. Одан кейін түсірілім тобы Санкт-Петербург, Алматы және Алматы облыстарына жол тартпақ.

"Режиссердің айтуынша, картина Мақатаевтың өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды. Біз фильмде Мұқағали Мақатаевпен есейген кезінде, Қазақ КСР Жазушылар Одағы ақынның тағдырын отырыста шешкен уақытта танысамыз", - делінген хабарламада. 

Kaz.tengrinews.kz

17 маусым 2019 ж. 240 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9604)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (9603)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (9602)

27 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930