» » » Ғаділбек Жаңай Ақтөбедегі концерттің қаржысын медресе салуға берді

Ғаділбек Жаңай Ақтөбедегі концерттің қаржысын медресе салуға берді



Отандық танымал әнші Ғаділбек Жаңай Ақтөбедегі жеке концертінің қаржысын медресе құрылысына жұмсады деп хабарлайды Aktobenews.kz сайты.

Әзіл аралас рухани кеш сыйлаған әнші концерттің басынан соңына дейін жалғыз өзі жанды дауыста ән айтқан.

Ол түскен қаражаттың барлығын қаладағы "Батыс 2" ауданында салынып жатқан жаңа медресенің құрылысына аударатынын жеткізді.

"Бір жыл бұрын бауырларымызбен ақылдасып үлкен істі қолға алдық. Әрбір амалдар ниетке байланысты. Ақтөбе қаласында "Алла" деген жазуы бар медресе салынып жатыр.

Сіздер жай концертке келген жоқсыздар, тікелей сол медресенің құрылысына атсалысып жатырсыздар.
Билеттеріңіздің қаржысы түгелімен сол жаққа кетейін деп жатыр. Сауапты іске атсалыссақ, жан-жағымызға алаңдаудың қажеті жоқ.

Басымыз бір болу керек. Рухани жағынан да, өнер жағынан да дами берейік. Ақтөбе қаласы бір мәдени және рухани орталық болатынына сенемін", — деді Ғаділбек Жаңай.

Медресе басшылығы Ғаділбек Жаңайды алғыс хатпен марапаттады.




20 маусым 2019 ж. 1 982 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9604)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (9603)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (9602)

27 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930