» » » Димаш Құдайберген АҚШ-та жеке концертін бермек

Димаш Құдайберген АҚШ-та жеке концертін бермек

Димаш Құдайберген АҚШ-та жеке концертін бермек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Бұл жайлы алғаш рет есептік кездесу өткізген мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты. Ерекше кездесу өткізген министр Димаш Құдайберген келесі жылы АҚШ-та жеке шығармашылық концертін беретінін жеткізді. Аты әлемге әйгілі өнер иесінің бұл кеші Нью-Йорк қаласында болмақ.

Министр кездесу барысында тағы бірқатар мәселелерге тоқталды. Биылғы жылы кино саласына да өзгерістер енгізілетін болады. Жаңа туындылардың тұсауы кесіліп, көрерменге ерекше фильмдер жол тартпақ. Әлемдік деңгейдегі "Форсаж" және "Трэдстоун" фильмдерінің кейбір үзінділерін елімізде түсіру үшін келіссөздер жүргізіліп жатыр. Тіпті бұл салаға бағытталған заң жобасы да іске қосылмақ.

Енді елімізде балалар туризмін дамытуға бағытталған  «Kids go free» қағидасымен әуе жолдарында тегін ұшу жос
парланып отыр. Оған қоса "Балалар туристік пойызы" жобасы енгізілмек.

21 маусым 2019 ж. 326 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9604)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (9603)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (9602)

27 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930