» » » Димаш Құдайбергеннің концертіне 64 елден тыңдармандар келеді

Димаш Құдайбергеннің концертіне 64 елден тыңдармандар келеді

Әншінің «Арнау» атты жеке концертінің соңғы дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

ÐÐ¸Ð¼Ð°Ñ ÒұдайбеÑгеннÑÒ£ конÑеÑÑÑне 64 елден ÑÑңдаÑÐ¼Ð°Ð½Ð´Ð°Ñ ÐºÐµÐ»ÐµÐ´Ñ


ERNUR.KZ. Дәл қазір отандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің елордада өтетін жеке концертінің соңғы дайындық жұмыстары жүріп жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

«Біз қазір соңғы дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Концерттің жоғары деңгейде өтуі үшін көптеген мамандар еңбек етуде. Бәрі де ойдағыдай өтеді деген ниеттемін. Концерттің басты ерекшелігі - оның өз Отанымда өтуі. Ал оның барысына келсек, жанкүйерлерім біледі - мен орындамай жатып, былай жасаймын деп алдын ала айтқанды ұната бермеймін. Айтарым - жеке концертімде көптеген жаңа әндерді орындаймын», - деді Д. Құдайберген.

Оның айтуынша, жаңа әндердің дені қазақ тілінде жазылған.

«Ана тіліміздегі әндерден бөлек, америкалық және еуропалық композиторлардың мен үшін арнайы жазған әндерін орындаймын. Және әрбір қойылымда бір-біріне ұқсамайтын өзіндік ерекше этюдтер болады. Яғни әрбір әнге жекелеген айрықша қойылым жасалуда», -деді ол.

Сондай-ақ, әнші концерт дайындығына 500-ден астам жоғары кәсіби маман тартылғанын және кеш үшін арнайы 150 сахналық костюм тігілгенін тілге тиек етті.

«Жоғары деңгейдегі қойылымдық нөмірлер үшін балет труппасына халықаралық алаңдарда өнер көрсетіп жүрген еліміздің ең үздік бишілері мен акробаттары тартылды. Оның ішінде, «Notre dame de Paris» мюзиклінің әртістері, «Танцы на ТНТ» жобасының қатысушылары және батуттық гимнастика бойынша спорт шеберлері бар», - деді Д. Құдайберген.

Айта кетейік, Д. Құдайбергеннің «Арнау» атты жеке концерті 29 маусым күні елордадағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Ал телекөрермендер үшін 6 шілде күні «Астана күні» мерекесіне орай «Qazaqstan» ұлттық арнасынан көрсетіледі.

Концерт ұйымдастырушыларының айтуынша, кеш билеттерін әлемнің 64 елінен 10 мыңға жуық тыңдарман сатып алған. Оның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Бразилия, Мексика, Канада, Австралия, Швейцария, Малайзия, Сингапур, Африка, Египет, Израиль және Марокко сынды алыс мемлекеттердің тыңдармандары бар. 


ERNUR.KZ
28 маусым 2019 ж. 340 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (9654)

29 қыркүйек 2020 ж.

№74 (9653)

26 қыркүйек 2020 ж.

№73 (9652)

22 қыркүйек 2020 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930