» » » ҚАЛАМГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНГЕН КҮН

ҚАЛАМГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНГЕН КҮН

А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде ақпарат қызмет-керлерінің күніне орай дәстүрлі «Қанатты қалам – 2019» атты салтанатты шара өтті.
Салтанатты шарада облыс­ әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов бұқаралық ақпарат құрал­дары өкілдерін төл ме­рекесімен құттықтады.
Журналистердің мемле­кет­тік идео­­логияны қоғамда қа­лып­тастыру мен ұлтаралық татулық, бірлік бағы­тында жаса­ған жұмыстары да жетер­лік. Жаһандану дәуірінде ел­дегі халыққа нақты әрі сенім­ді ақпаратты дер кезінде ­дәй­ек­­­темемен жеткізе білетін мамандық иелеріне деген артылар сенім мен жауапкершілік те жоғары. Осы орайда ай­мақтағы ақпарат саласында өзіндік орны бар, еңбегі сіңген қарымды қалам иелері марапат төрінде болды.
Қазақстан Республикасы­ Прези­дентінің, Қазақстан Рес­публи­касы­ның Ақпарат­ және қоғамдық даму минис­трінің ал­ғыс хаттарымен және облыс әкімінің «Құрмет грамотасы» мен алғыс хатына бірнеше азамат ие болды. Халық пен билік арасындағы алтын көпірге айналған 20 журналист облыс әкімінің арнайы номинация­­ла­рымен марапатталды. Ма­рапат төрінен көрінген жур­на­листердің қатарында әріп­тесі­міз, аудандық «Жа­лағаш жаршысы» газеті бас редакто­ры­­ның орынбасары Кенжетай Қайрақбаев та бар екенін айта кеткен жөн. Шарада Сағитжан Бермағанбетов атындағы жас журналистер байқауының 3 жеңімпазына бағалы сыйлықтар үлестіріліп, алғысқа бөленді.

Ерлан СОЗАҚБАЕВ

29 маусым 2019 ж. 165 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (9566)

16 қараша 2019 ж.

№89 (9565)

12 қараша 2019 ж.

№88 (9564)

09 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 253

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 300

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930