» » » ТАСАДАҒЫ ТАЛАНТТАР ТАНЫЛДЫ

ТАСАДАҒЫ ТАЛАНТТАР ТАНЫЛДЫ


Ұлт мақтанышын ұлықтау – өткенге құрметпен қарау. Апта басында Қаракеткен ауылдық клубының ұйымдастыруымен Сыр өңірінен түлеп ұшып, есімі әлемге танылған сахна жұлдызы, талантты әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Жалағаш ауданының “Құрметті азаматы” Батырхан Шөкеновті еске алуға арналған «Аманат – 2019» атты аудандық ән байқауы өтті.
Сахнаны "Аманат – 2018" бай­қауы­ның жеңімпазы Расул Байдулла әнмен ашып, қатысу­шыларға шырқау шабыт берді. Одан соң сөз алған Қаракеткен ауылдық клубының ­кә­сі­п­орын басшысы Жасұлан Жәрменов жас­тар жылы аясында өткізіліп отыр­ған шараның маңызына тоқта­лып, жас талапкерлерге сәттілік тіледі.
Байқаудың мақсаты – қазақ өне­рінің дамуына үлесін қосқан ән­ші, композитор Б.Шөкеновтің ән мұ­ра­ларын, шығармашылығын жас ұр­пақ­қа насихаттап, жастардың орын­­даушылық шеберлігін қалып­тастыру. Әр ауылдық округтен қатыс­қан 15-25 жас аралығындағы үміткерлер Батырхан Шөкеновтің әнінен орын­дап, бақтарын сынады.
Байқауға Қ.Қазантаев атындағы Мәдениет үйінің музыкалық про­дюссері Б.Ахметов, мәдениет және өнерді дамыту орталығының қыз­мет­­кер­лері Б.Боранбаев, Р.Байдул­ла қазылық етті. Сахнада «Құсни қор­­лан», «Аңыз аруы», «Твой шаги», «Қайран көңіл-ай», «Наз­қоңыр», «Отан Ана», «Сағым дүние», «Гүл Алматы», секілді ән­дер орын­дал­ған­да көрерменнің ыс­тық ықы­ласы мен қошеметі толас­тамады. Бұл халық­тың өмірден ерте кеткен өнер жұлдызына, хас тала­нтқа деген сағы­нышы еді.
Қазылар алқасының қорытын­дысымен байқаудың бас жүлдесі Жақ­сылық Серікболға (Шәменов ауылы) бұйырса, І орынды Қасымбай Айдана (Мәдениет ауылы) жеңіп алды. Сардан Данияр (Қаракеткен аулылы) ІІ орынды иеленсе, ІІІ орынды Алмас Айдос (Аққұм ауылы) пен Сапарбек Әйгерім (Бұқарбай батыр аулылы) өзара бөлісті. Жеңім­паздар қаржылай, заттай сый­лық­тарға және Б.Шөкеновтің ән жи­нағына ие болды. Сонымен бірге Жастар ресурстық орталығының қол­­­дауымен қатысушыларға сый­лық­тар табысталды. Қатысушы­лар­дың барлығы арнайы Дипломмен мара­патталды. Байқауға Қызылорда облысы­ның Жастар одақтары қоғам­дық бір­лестігі демеушілік жаса­ды.

Қ.АДИС

31 тамыз 2019 ж. 101 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

№69 (9545)

03 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30