» » » ТАРИХ БЕТІНДЕГІ ҚАСІРЕТ

ТАРИХ БЕТІНДЕГІ ҚАСІРЕТ


Халықтың басынан талай зұлмат заман өтті. Қаншама қиындықты еңсерді. Тарих бетінде, қазақ халқының жадында жан-жағын жайлаған тажалдай болып қалған «Семей полигонының» жабылғанына биыл 28 жыл болды. Дегенмен бұл кезең сол кездегі ядролық қарудың зардабын шеккен әр адам үшін қасірет болып қала бермек.
Жуырда ядролық полигонның жабылғанына 28 жыл толуына орай аудандық кітапханада «Семей полигоны – тарихтың қасіретті беттері» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге қатысушылар жастарға жер бетіндегі ядролық қаруды сынақтан өткізу залалдарын түсіндіру барысында бұл қасіретті кезеңнің зардабын тағы бір еске алды.
КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқыда адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Семей маңындағы радиацияның әсерінен сол аумақтың тұрғындары зардап шекті. Сол уақыттарда онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын. 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді. Басқа ядролық державалармен салыстырғанда, Қазақстан аумағында қиратқыш әлеуеті жағынан орасан зор ядролық арсенал болды. Бірақ біздің ел әлемдегі ядролық сынақтан алғашқы болып бас тартты. Осылайша сынақ алаңы жабылып, зардабын жою мақсатында жұмыстар жасалды.
Қасіретті жылдардың елге әкелген апатының, зардабының ауыр болғанын көрмеге қойылған әр дерек, әр кітап дәлелдеп тұр. Тарихтың қиын кезеңіне шолу жасаған жастар бүгінгідей бейбіт заманның оңайлықпен келмегенін түсінді.

«ЖЖ» ақпарат

31 тамыз 2019 ж. 222 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (9566)

16 қараша 2019 ж.

№89 (9565)

12 қараша 2019 ж.

№88 (9564)

09 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 294

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 331

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930