» » » ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КӨКЖИЕГІ

ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КӨКЖИЕГІ


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев
«Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты ел халқына арнаған Жолдауында мәдениет саласы қызметкерлеріне қолдау көрсетілетінің айтты. Бұл біз үшін қуанықты жаңалық болғаның жасырмаймын.
Ел Президентінің бүгінгі Жолдауы халық жүрегінен орын алатындай, көпті қуантатындай жағымды жаңалығымен ерекшеленді. Көпшіліктің көкейінде жүрген мәселелердің шешімі де осында айтылды.
Ел Президенті: «Біз мәдениет саласында жұмыс істейтін азаматтарға жеткілікті түрде көңіл бөлмей отырмыз. Бұл – ең алдымен, кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне қатысты мәселе. Олардың еңбекақысы соңғы жылдары мүлде көбейген жоқ. Соның салдарынан мәдениет қызметкерлері, әсіресе жас мамандар жеңілдігі бар тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алмайды. Мұндай ахуал осы кәсіптің беделін түсіріп, лайықты кадрлардың тапшылығы айқын сезілуде» деп, келесі жылдан бастап мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейтуді тапсырды.
Сонымен бірге, осы Жолдауда білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы міндетті әлеуметтік жеңілдіктер мәдениет саласының өкілдеріне де берілуі керек екенің де айтып, көпшілікті қуантты. Мұнан басқа да әлеуметтің әлеуетін арттыратын, ел эканомикасын еселейтін бағдарламалар әзірлену керектігі де назардан тыс қалған жоқ. Ең бастысы тұрмыс сапасы артып, табыс көзі еселенетін жобаларға сың серпін болды.
Гүлжанат ЖАҚСЫЛЫҚ,
аудандық кітапхана қызметкері.
02 қыркүйек 2019 ж. 314 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (9566)

16 қараша 2019 ж.

№89 (9565)

12 қараша 2019 ж.

№88 (9564)

09 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 247

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 296

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930