» » » БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ЕЛ

БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ЕЛ


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі халыққа арнаған алғашқы Жолдауы жағымды жаңалықтарға толы болды. Саяси құжаттың
төртінші тарауында Қоғамдық келісімді нығайту жайында айтылды.
Әлеуметтік және этникалық топтар арасындағы келісім – бүкіл қоғамның бірлескен еңбегінің нәтижесі екенін айтқан Мемлекет басшысысаяси үрдістерді саралап, бірлігімізді одан әрі нығайта түсу үшін нақты шаралар қабылдау керектігін жеткізді.
Қоғамдық келісімнің қоғамда атқарған жұмыстарын саралай келсек, бұған дейін аудан көлемінде біраз шаралар ұйымдастырылып, этнос өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер өткізілді. Әркез ынтымақ-бірлігімен көпке үлгі болып келе жатқан аудандағы этнос өкілдері бір-бірімен тату тәтті өмір сүріп, ел дамуына үлес қосып келеді.
Тағы бір айта кетерлігі Жолдауда: «Қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлін бекемдеп, этносаралық татулық пен дінаралық түсіністікті қалыптастыра беруіміз қажет» екені айтылды. Ел Президенті айтқандай Ел бірлігі – оның әралуандығында! Сондықтан бүгінгі Жолдау өзінің мән-мағынасымен, саяси салмағымен ерекшеленеді.
Қорыта айтқанда бұдан былай да еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасала береді.
Әсел БАҚЫТЖАН,
Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің этносаралық қатынастар жөніңдегі Жалағаш ауданы бойынша сарапшысы.
02 қыркүйек 2019 ж. 270 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

№69 (9545)

03 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30