» » » ЖАЛАҒАШТЫҚ ТҮЛЕКТЕР ҮМІТТІ АҚТАДЫ

ЖАЛАҒАШТЫҚ ТҮЛЕКТЕР ҮМІТТІ АҚТАДЫ

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ ÐÒÑÑÑлаÑАуданда соңғы 5-6 жылда тоқтаусыз алға жылжыған бірден-бір сала болса, ол – білім саласы. Шыны керек ұлағатты ұстаздар үмітін ақтай білген түлектеріміз жыл сайын аудан абыройын асқақтатып келеді. бұл да болса жас ұрпақтың келешегіне мән берген мемлекет қолдауының жемісі. Елбасы өзінің кезекті Жолдауларында осы білім мен медицина саласына қолдау көрсету қажеттігін назардан шығарған емес. Кешегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының алғашқы Жолдауынан да бұл сала орын тапты. Нәтижесін бір ғана шағын ауданның шәкірттеріне қарап көріп отырмыз.
Ауданда мемлекеттің кемел келешегі саналатын жастардың толыққанды білім алуына жан-жақты жағдай жасалып отыр. Осының арқасында олардың ілім игерудегі нәтижесі де жылдан-жылға жоғарылап келеді. Тіпті аудан түлектері ҰБТ қорытындысымен жыл сайын үздік үштіктен көрінуді мақсат етіп алғандай. Биыл облыс бойынша аудандар арасында екінші орынға жайғасып отыр. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан 203 түлектің 183-і мемлекеттік грантты жеңіп алды. Мектеп бітірушілердің 52-сі «Серпін» бағдарламасы бойынша тағы да мемлекеттік гранттармен оқу орындарына түсті.
Бұл нәтиже – үлкен қолдаудың жемісі. Қазір оқушыларды былай қойғанда алдымен ұстаздардың да кәсіби шеберлігін шыңдауға басымдық берілген. Себебі, білікті мамандарсыз кез келген салаға серпін әкелемін деу бос сөз. Жалағаш ауданында да ұстаздардың біліктіліктерін арттыруға тұрақты жағдай жасалған. Өңір бюджетінің де ең негізгі бөлігі білім саласына бағытталады. Бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастыруды мақсат еткен ел ғана келешек үшін осындай жанашырлық танытады. Биыл сала бюджеті 5 млрд 392 млн теңгені, яғни аудан бюджетінің 50 пайызын құрады. Білім ошақтарын жаңа оқу жылына дайындау үшін де сапалы құрылыс қарқын алды. Бұл мақсатқа 18 млн теңге бөлінсе, олардың жылу маусымына дайындығын қамтамасыз етуге 323,7 млн теңге қаралды. Оқушыларға оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуға 92,5 млн теңге бөлініп, жаңа оқу жылына дейін оқулықтармен толық қамтамасыз етілді.
Биылғы оқу жылында бірінші сыныпқа қабылданатын балалардың құжаттары электронды жүйе арқылы жүргізілуде. Бұл – мемлекеттік көрсетілетін қызметтің оңтайлан­дырылған және автомат­танды­рылған жүйесі. Порталдағы интерфэйс өте жеңіл әрі ата-аналар үйінде отырып қала­ған мектебіне баласын тіркеуге мүм­кіндігі бар. салалар цифрландырылған за­манда Жалағашта да барлық білім ошағы «Электронды күнделік» жүйесіне енгізілген. Биылғы жаңа оқу жылынан бастап қағаз журналдарға толтыру толық жойылып, электронды форматтағы нұсқаға көшірілді. Цифрлық білім беру ресурстарын дамыту мақсатында биыл Далдабайдағы №115 негізгі мектепке 3,3 млн теңгеге электронды дербес оқыту планшеті алынды. Мұнан бөлек №123, 201 мектеп-лицейлерінде және аудандық оқушылар үйінде электронды класс платформасы ашылды.
М.Шәменов ауылдық округінде №34 орта мектеп ғимараты апаттық жағдайда болуына байланысты жалпы құны 689,4 млн теңгені құрайтын 140 орындық жаңа мектеп ғимаратының құрылысы жүргізілуде. Жаңа мектеп келер жылы ел игілігіне беріледі. Аудан бойынша 35 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. Мұнда да бүлдіршіндердің зейінін арттыруға басымдық берілуде.
Кешегі Жолдауда әлеуметтік саланы жақсартуға басымдық берген Мемлекет басшысы бірінші кезекте осы білім беру сапасын жақсартуға күш салу қажеттігін ескертті. Расында елімізде мамандар даярлаудың отандық жүйесі нақты еңбек нарығынан тыс қалып отыр. Тіпті жыл сайын 21 мыңға жуық мектеп түлегі кәсіби және жоғары оқу орындарына түсе алмай қалатын көрінеді. Бұл – зерттеліп жасалған талдаудың қорытындысы. Осы ретте мемлекет басшысы білім беру жүйесін оңтайландыруда әлі де тиісті жұмыстар жасала беретінін айтып, ауылдық елді мекендерге білікті кадрлар тартудың маңыздылығына ерекше тоқталды. Бұл ретте сөзсіз «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының айтарлықтай көмегі мол. Ондағы қаржы көлемін 20 млрд теңгеге дейін жекізу қажет деп отырғаны да сондықтан. Жалпы білім сапасының Жолдауда кең көлемде қолдау табуы жастарға ілім игеруде таптырмас мүмкіндік екенін түсінуіміз керек.

Ерлан СОЗАҚБАЕВ
10 қыркүйек 2019 ж. 113 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (9565)

12 қараша 2019 ж.

№88 (9564)

09 қараша 2019 ж.

№87 (9563)

05 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 211

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 267

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930