» » » Марал бабаның кереметі

Марал бабаның кереметі

Осы оқиғаны біреу айтса, сенбес едім. Өзім көргенде таңғалдым. Он-он үш жыл бұрын Қармақшы ауданынан терістікке қарай он сегіз шықырым жерде үш жүздің пірі болған Марал ишанның зиратына тәу етіп баратын болдық. (Марал ишан – атақты әулие, ислам дінінің ғұламасы).
Машинамызды тексеріп, оны-мұны шаруаларымызды бітіреміз дегенше кеш болды. Ниеттеніп қойған соң баруымыз керек. Сонымен жолға шықтық. Рульде – жолдасым, апайым екеуіміз артқы жағында отырмыз. Мезгіл қыркүйек айы болатын. Демде айналаны қою қараңғылық басты. Бір кезде жолдасым: «Адасып кеткен жоқпыз ба?», – деді. Сол-ақ екен, анадайдан самаладай боп прожектордың жарығы көрінді. «О, бабаның басына жарық қондырған екен ғой» деп, қуанып қалдым. Қасымдағы апайым «қане...» деп, алдыңғы жаққа қарады да, ешқандай жарық көрмей тұрғанын айтты.
Лезде жаңағы жарыққа жетіп келдік. Машинадан түсе сап жан-жағымызға қарадық. Прожектор да, жарық та жоқ. Басында шырақшының үйі бар-тұғын. Ішке кірсек, екі-үш жерге май шам жағып қойыпты. Біз таңғалдық. Шырақшы апа, шалы, тағы бір-екі әйел шай ішіп отыр екен. Біз де жайғасып, көргенімізді айттық. Шырақшы апа әлі күнге дейін баба басына жарықтың қосылмағанын айтты. Шырақшының айтуынша, жан дүниесі таза адамдарға Марал баба бағдар көрсетіп, өзі көмектеседі екен. Әулиелерге Алланың берген үлкен нығметі, яғни сыйы оларды осындай керемет қасиеттің иесі еткен. «Ерекше қасиет дарыған әулиелер – Жаратушы иемізге ішкі жан дүниесінің тазалығымен, көркем мінезімен ұнаған адамдар» дегенді айтты.
Бұрындары ата-әжелеріміз айтып отырғанда қиял-ғажайып ертегі сияқты көрінетін. Өзің көргеннен кейін сенбеу мүмкін емес екен.
       
 Бибісара Кенжебекова-Омарова
23 қыркүйек 2019 ж. 331 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (9566)

16 қараша 2019 ж.

№89 (9565)

12 қараша 2019 ж.

№88 (9564)

09 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 251

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 298

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930