» » » Жалағашта «Шабыт-Арт» студиясы ашылды

Жалағашта «Шабыт-Арт» студиясы ашылды

 
 Аудандық мәдениет және өнерді дамыту орталығы жанынан «Шабыт-Арт» студиясының салтанатты ашылу рәсімі өткізілді. 
   Шарада аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев құттықтау сөз сөйлеп, ұлттық өнердің түрлі жанрларын дамыту, насихаттау, таланттарды тарту мақсатында ашылған студияның алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. 
   «Шабыт-Арт» студиясында дыбыс жазу студиясы және ұлттық өнерді насихаттайтын «Адырна» жас ақындар үйірмесі, «Көркем» би үйірмесі, «Қылқалам» көркем сурет үйірмесі, «Сыр сандық» көркемсөз үйірмесі, «Әсем әуен» вокалды және «Эстрада» ән үйірмелері жұмыс жасайды. Үйірмелер 47 оқушымен қамтылған. 
Орталық директоры Ғ.Сүлейменов жоба аясында ашылған «Шабыт-Арт» студиясына қысқаша тоқталып, көркем сурет үйірме мүшелерінің салған суреттерін, студия құрамындағы үйірме бөлмелерімен (би залы, жас ақындар үйірмесінің бөлмесі, дыбыс жазу студиясы) таныстырды. 
   Шара барысында М.Байдаулетов жетекшілік ететін «Адырна» жас ақындар үйірмесінің мүшесі М.Қартбай арнау айтып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Көркемсөз үйірмесінің мүшесі Б.Қайратқызы өлең оқыса, көркем сурет үйірмесінің мүшелері берілген тақырып бойынша суреттер салды.
08 қазан 2019 ж. 101 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9559)

22 қазан 2019 ж.

№82 (9558)

19 қазан 2019 ж.

№81 (9557)

15 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031