» » » Беделді ғалым латын әліпбиіне қалай тез бейімделуге болатынын айтты

Беделді ғалым латын әліпбиіне қалай тез бейімделуге болатынын айтты


Жуырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев латын әліпбиінің жаңа редакциясы туралы жарлыққа қол қойды. Осы орайда ғалым, философ Ғарифолла Есім бүгіннен бастап қазақ тіліне негізделген латын әліпбиі арқылы өз аты-жөнін жазуды үйрене бастайтынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Кез келген істе бейімделу процесі болады. Мәселен, мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде бүгіннен бастап тегімді, әкемнің атын, өз атымды, жақын адамдарымның атын латын графикасында жаза бастаймын. Өйткені, бейімделу деген дәл осылай басталады. Сіздерге де соған кеңес беремін. Кез келген ұйым, кез келген адам бейімделе бастауы қажет. Ал құжаттамаларды да біртіндеп бейімдеген жөн», - деді қоғам қайраткері ОҚК-де өткен брифингте.
Осы орайда Ғарифолла Есім жаңа латын әліпбиінің нұсқасы ешкімге қиындық тудырмайтынын айтты.
«Ал онда тұрған қандай қиындық бар? Бұл әріптердің барлығы баршамызға белгілі. Мен өзім неміс, ағылшын тілдерін оқығанмын. Әліпбидегі белгілердің барлығы маған, ал жастарға тіпті белгілі. Жастар сіздер бір-бірлеріңізге латын әліпбиінде жазасыздар ғой, солай емес пе? Солай. Ендеше латын әліпбиінде жазу сіздерге қиындық тудырмайды. Қазақ тіліне тән 7 немесе 8 әріп бар», - деді ол.
Сөз соңында беделді ғалым жаңа әліпбиге де бейімделу қажеттігін атап өтті.
«Бейімделу қажет, безінудің қажеті жоқ, дағдылану керек. Егер ынтызарлықты қоссаңыздар бәрі де болады. Ал егер ынтызарлықты қоспасаңыздар кешігіп қаласыздар. Сондықтан бүгіннен бастап бұл іске кірісіңіздер», - деп аяқтады ойын Ғарифолла Есім.
23 ақпан 2018 ж. 545 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (9629)

04 шілде 2020 ж.

№49 (9628)

30 маусым 2020 ж.

№48 (9627)

27 маусым 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031