Қазақ билері

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ "ÒÐ°Ð·Ð°Ò Ð±Ð¸Ð»ÐµÑÑ""Би-көсем ол көпті көрген, яғни «көре-көре көсем болған», көкірек көзі қиядағыны шалатын, ойы орамды, көнені ғана көріп қоймай, болашақты да тап басып, болжам жасай алатын, әрдайым халық көңілінен шығатын жан болуы шарт.
Би-шешен ол-сара сөздің саңлағы.Бірде астарлап, бірде мысқылдап, сүйектен өткізіп, мақтамен бауыздап, қажет жерінде қара тасты қақ айырып түсерлік семсерден бетер от ауызды. Орақ тілді ұшқыр сөз зергері.
Би-дау-жанжалға билік айтушы адам. Би халықтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жақсы білумен бірге сөз таласында шешендігімен, даулы істі қарауда тапқырлығымен дараланып, ел ішінде беделді тұлға болуы тиіс. Өнегелі қарияларымыз ер балаларға «Би бол, би болмасаң би түсетін үй бол» деп тегін бата бермеген. Билер билік шығару және оның орындалу әдістерін белгілеуде тараптардың тең құқықтарын сақтап отыруы керек.
 «Көшпелі қазақ қоғамының билер соты тарих қойнауында қалса да, оның беделі мен мәртебесі бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып отыр. Ұлттық тарихымыздағы асыл қазыналарымызды зерттеу, оның шынайы нәтижелерін жарыққа шығару қай ұрпақ үшін де жоғары міндет болып саналады.
Билер соты, дала соты ата-бабамыздың, сонау Қазақ хандығы, қазақ құрылымы, қазақ мемлекеті кезінде қоғамнан ерекше орын алғаны рас. Олар биліктің, мемлекеттің құрылымына араласты. Расында да, қазақтың ежелгі билер соты тек сот төрелігін жүзеге асырған жоқ, мемлекеттік құрылымға да қатысып, мемлекеттік деңгейдегі мәселелерді қарады.
Қазіргі қоғамға билер соты қажет. Олар азаматтық дау-дамайларды шешіп, істі сотқа дейін жеткізбей, медиациялық тәртіпте әрекет ете алады.
Ертеде Дәулеталы Самалық болыс, би бір топ жолдастарымен келе жатып, айдалада кішкентай баласын арқалаған келіншекті кездестіріп жөн сұрапты.
«Енем күн бермейді, күйеуім сабап, кет дей берген соң, төркініме бара жатырмын» депті.
-Алдыңда жақын маңда ел жоқ, күн ыстық, балаңмен бірге өліп қаласың, мен Самалық деген ағаңмын. Атаңа хат жазып берейін, кейін қайтып, апарып бер. Сааған қамқор болады,-дейді.
-Сізге тап болғанмын, Құдай көз жасымды көрген екен,-деп келіншек қуанғаннан жылап, қайын жұртына кейін қайтыпты.
Хатқа: «Қойдан қозы туады, шөп жейтұғын, иттен күшік туады, боқ жейтұғын, сәбиді анасымен үйден қуған тентекке адам жоқ па, қой дейтұғын?»- деп, Самалақ би қол қойып, мөр басыпты.
Келіннің қолындағы хатты оқыған атасы : «Апырай, мені масқаралап, қарабет қылған екенсіңдер ғой,»-деп кемпірі мен ұлына ұрысып, келіні мен немересіне қамқор болыпты.Осыдан кейін үйде береке орнап, қарияның қадірі артыпты.
Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасында ұлттық сана мен ұлттық болмысты жандандыру көзделген. Ендеше мен билер сотын жаңғырту-ол елдің рухани жаңғыруының бастамасы.
Ауданымызда билер кеңесі ашылды, жұмыс жасап жатыр.Төрағасы К.Сүлеймен, мүшелері Ә.Мәдиева, Х.Каметов, аудандық соттың ардагері А.Тоғысова.Билер сотын жаңғырту жұмыстары әрбір елді-мекендерде де жүргізілу қажет. Оның басты мақсаты-жастарға бағыт-бағдар, тәлім-тәрбие беру, адасқандарды жолға салып, оларды жат қылықтардан аулақ болуға үйрету, ауыр емес қылмыстарды сотқа жеткізбей шешуге қол жеткізу болып табылады. Билер кеңесінің атқарар ісі ауқымды, ал оның халыққа тигізер пайдасы да аз болмайды.
Дана халқымыз  айтқандай «Дау мұраты – бітім». Қазақ халқы үшін бітімгершілік – билік айтудың төреліктің ең  биік шыңы. Тоқсан рулы елдің дауларын тоғыз ауыз сөзбен түйіндеп, татуластырып отырған дана бабаларымыздың бітімгершілік саясаты егеменді елімізде жаңа серпінмен қолға алынуы құптарлық жайт.
  
Б.Исағабылов,
аудандық соттың бас маманы,
Қазақстан Заңгерлер Одағының мүшесі.
28 қазан 2019 ж. 155 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (9565)

12 қараша 2019 ж.

№88 (9564)

09 қараша 2019 ж.

№87 (9563)

05 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 215

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 269

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930