» » » Бернард Шоу: "Өзіңнің, сөзіңнің, ойыңның қадірін біл"

Бернард Шоу: "Өзіңнің, сөзіңнің, ойыңның қадірін біл"

Бернард Шоу:
►  Ойланбастан сөйлей салсаң, ойыңдағыны ашып айттың деген сөз. ►  Көп адамды өзіне еш қатысы жоқ нәрсе көбірек қызықтырады. ► Өзі өтініп сұрамаған адамға көмектесуге асықпа, алдыңа келмеген жанға кеңес берем деп килікпе. Өзіңнің, сөзіңнің, ойыңның қадірін біл. ►  Менің қалжыңдау тәсілім – бұл тек шындықты айту. Өмірде одан асқан күлкілі әңгіме жоқ. ►  Достар ренжіскенде бір-бірін жоғалтады деп ойлаушы едім. Жоқ, олар іске, ақшаға, уақытқа келгенде екіге айырылады екен. ►  Сөйлеуді үйрендің бе, демек өстің. Үндемеуді үйрендің бе, демек ақылың кірді. ►  Әуеде құстай ұшуды, суда балықтай жүзуді үйрендік. Енді бізге бір ғана өмірді адамша сүруді үйрену қалды. ►  Адам кірпіш секілді, күйдірген сайын ысылады. ►  Сізде де, менде де алма бар дейік, екеуін ауыстырып алсақ, сізде де, менде де бір-бір алмадан болады. Ал егер сізде де, менде де идея бар болса, оларды алмастырып алсақ, екеумізде де екі-екі идеядан болады. ►  Сүйгеніңізді алуға тырысыңыз, әйтпесе алғаныңызды сүюге тура келеді. ►  Қолынан іс келетін адам әрекет етеді, қолынан түк келмейтін адам өзгелерге үйретумен болады. ►  Жалғыздыққа шыдап, одан ләззат ала білу – нағыз ерлік. ►  Шынайы болу қауіпті, оның үстіне ақымақ болсаңыз, тіпті қорқынышты. ►  Нағыз еркек – өз әйелін ең жақсы әйел деп есептейтін азамат. ►  Еңбегіміз сіңбеген бақытты иемденуге хақымыз жоқ. ►  Әлем жұмыс істемей-ақ ақша тапқысы келетін жалқаулар мен байымай-ақ жұмыс істей бергісі келетін ақымақтардан құралады. ►  Өтірікші үшін ең ауыр жаза – адамдардың оған сенбеуі емес, өзі ешкімге сене алмауы. ►  Би – көлденең құштарлықтың тігінен бейленген көрінісі. ►  Күйеулеріңді сүйіңдер. Олар сендердің махаббатарыңа мұқтаж. Тіпті мұны өзі мойындамаса да солай. Әр ұлы азаматтың артында оны шын беріле сүйген, сенген әйел тұрған.

Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/debiet/tmsil/59893
01 желтоқсан 2019 ж. 184 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 64

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930