» » » ҚАЗАҚ ТІЛІ – ЕҢ БАЙ ТІЛ

ҚАЗАҚ ТІЛІ – ЕҢ БАЙ ТІЛ

Қазақ тілі – өте бай, айтылуға орамды, көркем тіл. Тіл байлығын игеру – ана тілін қадірлейтін, тіл мәдениетінің шыңына қол созатын адамның әрекеті.

Әр адамның азаматтық қасиеті өз халқын, өзінің атамекенін қалай сүюімен, өз ана тілін қалай білуімен өлшенбек. Әркімнің тілге деген құрметінен өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрметін білуге болады. Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра. Ана тілдің қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Азаматтың қолындағы барлық асыл заттары тозады, жоғалады, ал тіл – тозбайтын ең қымбат мұралардың бірі. «Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгілігін айқындаушы басты құрал. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады» деп Ғ.Мүсірепов айтқандай, елдің болашағын, тілдің болашағын сақтау – баршаның міндеті. Қазіргі жаһандану кезеңінде еліміздің ақпараттық кеңістігін әлемдік стандарттарға сай кеңейте отырып, мемлекеттік тілді ұлттық қауіпсіздіктің маңызды бір нысаны ретінде жетілдіруді және қорғауды қамтамасыз еткеніміз абзал.
Қазақстан Мәңгілік ел болудың дара жолына түсті. Тұңғыш Президент, ең алдымен, алдымызға рухани жаңғыру міндетін қойды. Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Осы тіліміздің халықаралық мәртебесін көтеру – өркениетке жетудің басты кепілі. Тіл мәселесі күн тәртібінен түспейді. Бұл жөнінде Президент Жолдауларында, стратегиялық, бағдарламалық мақалаларында да кеңінен айтылып жүр. Жолдауларда мемлекеттік тіл саясатын дамыту мақсатында жаңа бағыт ұсынылып келеді. Бұл әрбір қазақстандық үшін бүгінгі күннің талабына орай әр адамның тұлғалық дамуына септігін тигізеді. Дегенмен біз ана тілімізді ұмытпауға, оны таза әрі мәдениетті түрде қолдануға, мемлекеттік тіл саясатының жаңаша қарқынмен дамуына үлес қосуға тиіспіз.

Рахат АҚҚАСЫНОВ,
аудандық соттың бас маманы


08 ақпан 2020 ж. 91 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (9593)

22 ақпан 2020 ж.

№13 (9592)

18 ақпан 2020 ж.

№12 (9591)

15 ақпан 2020 ж.

Хабарландыру

Тұрғындар назарына!

19 ақпан 2020 ж. 54

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 824

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 744

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829