» » » ЖАЛАҒАШТЫҚ ЖАСТАР ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

ЖАЛАҒАШТЫҚ ЖАСТАР ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

       Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында өткен республикалық «Көк тудың желбірегені...» атты балалар шығармашылығы байқауына Жалағаш аудандық балалар әуез мектебі домбыра класының оқушылары қатысып, «Аспапта орындау» номинациясы бойынша жүлделі орындарды иеленді.
       Жас домбырашылар сирек орындалатын тарихи күйлерді тартып, екі күн бойы сайысты. Оларға профессор, күйші-композитор қазылық жасап, әр жастың өнерін жоғары бағалауға тырысты. Ауданнан барған Төремұрат Ақниет (жетекшісі Оспанова Айна) ІІ орынды жеңіп алды. Сонымен бірге, Бекет Ерсұлтан (жетекшісі Калменова Тұрсынкүл), Қайрақ Еңлік (жетекшісі Шампикова Ақтолқын), Жайшылық Мадина (жетекшісі Сарбалова Гүлзира) ІІІ орынды иеленді. Жерлестеріміздің өнерін жоғары бағалаған ұйымдастырушылар арнайы Кубок табыстап, Дипломдармен марапаттады. Сондай-ақ, сахна төрінде күй күмбірлетіп, талантымен талайды тамсандырған Құрақбай Балнұр, Жамбылқызы Ақмоншақ мен Ділдәбекқызы Аңсаған да бағалы сыйлықтарға ие болды.
      Аудандық әуез мектебіндегі домбыра үйірмесінде барлығы 32 бала дәріс алады екен. Мұндағы жас өнерпаздар түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындардан көрініп келеді. Мұнан басқа, бұл мектепте жастарды өнерге, шығармашылыққа баулитын түрлі үйірмелер жұмыс жасайды және олардың қатары жылдан-жылға көбейіп келеді. Онда тәжірибелі мамандар, жоғарғы білімді ұстаздар дәріс беруде.
                                                                                                                                         Нұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ.
02 наурыз 2018 ж. 456 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (9465)

13 қараша 2018 ж.

№85 (9464)

10 қараша 2018 ж.

№84 (9463)

06 қараша 2018 ж.

Сұхбат

12 жасар композитор
28 қыркүйек 2018 ж. 349

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31