» » » Қызылордалық журналистер 20-дан астам отбасыға азық-түлік себетін таратты

Қызылордалық журналистер 20-дан астам отбасыға азық-түлік себетін таратты

Қызылордалық журналистер #Birgemiz қайырымдылық шарасына үн қосты. Бүгін олар облыстағы тұрмыстық жағдайы төмен бірқатар отбасына азық-түлік себеттерін таратты.
Игі іске ақпарат құралдарының 60-қа жуық өкілі қатысты. Қызылорда қаласы мен Сырдария, Жалағаш аудандарындағы 20-дан астам отбасының аса қажеттіліктерін алып берді.
- "Кең болсаң, кем болмайсың" деген. Сыр журналистері қасиетті Рамазан айында осындай игілікті іске жұмылып, көмекке мұқтаж отбасыларға қол ұшын созды.
 Енді осындай қайырымдылық шараларын шама-шарқымызша жыл соңына дейін тағы ұйымдастырғымыз келеді. Бұл - ақпарат айдынында еңбек етіп жатқан, бірлігі мен тірлігі жарасқан сырбойылық журналистердің кең пейілінен туған бастама, - дейді "Qazaqstan" ұлттық арнасының облыстағы меншікті тілшісі Әділбек Жақанов.

Назерке Саниязова,
"Сыр бойы"
Фото авторы: Нұрболат Нұржаубай
10 мамыр 2020 ж. 88 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 63

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930