» » » ҰЛТ ШАМШЫРАҒЫ – АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

ҰЛТ ШАМШЫРАҒЫ – АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

Ахмет Байтұрсынұлы – ағартушы-ғалым, ұлағатты ұстаз. ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалысының жетекшісі. Ұлттық идеологияның майталманы, зерттеуші-ғалым, публицист. Қазақ руханиятындағы ұлттық жазудың реформаторы.

Қазақ халқын «Маса» болып оятып, кемел болашағымыздың негізін қалаған ұлт көсемі – Ахмет Байтұрсынұлы. Халқымыздың ұлт болып ұйысу жолында аянбай қызмет еткен ғалымның еңбектері тарих беттерінде сақталды. Дегенмен, һәм ұлы тұлғаның біз біле бермейтін мұралары бүгінгі күнге дейін зерттеліп келеді. Ахметтанушы ғалымдар мен ұлағатты ұстаздардың Ұлт көсеміне қатысты зерттеулері де жинақ ретінде шықты. Сонымен қатар Ұлы тұлғаның шығармышылығына қатысты сұхбаттарды да кездестіреміз. Мәселен Қазақ радиосының «Алашнама» айдарына берілген сұхбаттар – Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлына қатысты. Олардың негізі ғалымның өмірі мен шығармышылығына арналған. Ақиқатында, Ахметтің шығармашылық мұрасы туралы әлі күнге дейін айтылмай жүрген деректерде баршылық. Соның – Ербол Алшынбайдың 2019 жылдың ақпан айының бесі күні берген сұхбаты. Негізгі тақырып Ахмет Байтұрсынұлының компизиторлық өнері.
Қазақтың рухани көсемі, ұлттың шам-шырағы Ахмет Байтұрсынұлының артында қалған мол рухани қазынаның бір парасы – әндері. Кейінгі кездері сегіз қырлы, сексен сырлы талант Ахметтің әндері туралы пікірлер көпке бөлініп жүр.Кейбір зерттеушілер Ахметті композитор емес деп қыңыр пікірлерін де білдірген. Сұхбат барысында Ахмет Байтұрсынұлының ауылынан,Торғайдың Аққұмынынан келген Кәрімжан Бекболатұлы, Үмітай Ахметова және Ерахан Фазылұлы бірнеше деректерді келтірді. Кәрімжан Бекболатұлы өзінің сөзін «Ахмет туралы айту бұл бір үлкен әлем» деп бастайды. «Аққұм» әні туралы әңгімесін айтып, оның сол кездері Сегіз сері немесе халық әні деп айтылып жүр. Бұл ән-Ахметтің Іңкәрға ғашық болып шығарған әні. Ол кезде Ахмет әлі ақталмаған.Бұл әнді бір кезде халық әні дегені белгілі. Дегенмен, Жәнібек Кәрменовтің кітабында «Аққұм» – Ахмет Байтұрсынұлының әні», деп жазылған. Бірақ, ән Ахмет Байтұрсынұлыныкы емес деген пікір де бар.
Алайда, бір кездері Ахмет Байтұрсынұлы Затаевичке жазған әндерін бергенге ұқсайды. «Қазақ халқының 1000 әні» кітабына сүйенсек, Ахмет нақты бес ән берген, оның біреуінің аты жоқ делінген. «Тоқыбастың әні» деген бір ән берген және тағы сегіз ән жеткізген. Оның ішінде қазіргі күні “Ахаңның әні” деп аталып жүрген «Қарагөз» әні кездеседі. Торғай уезінде тағы кездесіп, екі күй мен он бір ән берген делінеді. Ал, «Қазақтың 500 ән-күйі» еңбегінде Ахметтің есімі кездеспейді.Біз айтып отырған «Аққұм» әні Затаевичтің екі кітабында да мүлде кездеспейді. Алайда,қазіргі күні эстрада жұлдызы Майра Ильясова «Аққұм» әнін Ахмет Байтұрсынұлының әні деп орындап жүр.
Ахмет Байтұрсынұлы композитор болмаса да,қазақтың маңдайына біткен жұлдыз. Дегенмен, сол кезеңнің саясатының кесірінен қаншама Алаш зиялыларының еңбектері жоққа шығарылды. Кеңес үкіметіне қарсы шықты деп айдауда жүрген ұлт зиялылырының еңбектері тек ақталғаннан кейін ғана оқуға рұқсат етілді. Десек те, қазақ радиосының ашылуына ұйытқы болып, Қазақ әліпбиінің атасы атанған Ұлт ұстазы Ахметтің мұрасы әлі де зерттеледі. Зерттеле берері де анық. Себебі, ұлты үшін аянбай қызмет еткен Ахмет Байтұрсынұлының ән шығармауы мүмкін емес!

Сымбат Абылай
Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Қазақ тілі және әдебиеті мамандығының,
4-курс студенті
18 наурыз 2021 ж. 427 0

№29 (9709)

13 сәуір 2021 ж.

№28 (9708)

10 сәуір 2021 ж.

№27(9707)

06 сәуір 2021 ж.

Сұхбат

СПОРТҚА КЕЛУДІҢ ЕРТЕ-КЕШІ ЖОҚ
22 қыркүйек 2020 ж. 1 028

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930