» » » ҚАЗАҚ ҚЫЗДЫ ҚЫРЫҚ ҮЙДЕН ТЫЙҒАН

ҚАЗАҚ ҚЫЗДЫ ҚЫРЫҚ ҮЙДЕН ТЫЙҒАН

Отау құрып, шаңырақ көтерген жастарға ақсақалдар «Қосағыңмен қосағар», – деп бата береді. Ал бүгін де қосағымен қоса ағарып, өмірінің соңына дейін бір болу түгілі бір ай өтпей жатып неке бұзатындар көбейді. Ресми деректер де осыны айғақтап тұр.
Иә, ажырасудың себеп-салдары көп. «Отан – отбасынан басталады» десек, сол әрбір кіші отанның ұйытқысы, берекесі – әйел адам. Ұлттың адаспай, ұлт болып қалуы, қоғамның ырғақты дамуы, мемлекеттің өркендеуі – соңында келіп әйелге, келешек ана болар қыздардың тәрбиесіне байланысты. Біздің қазақ – қыз баланы үлкен жауапкершілікпен тәрбиелеген. Қызды қырық үйден тыйып, қыз баланы болашақ ана ретінде жауапкершілікпен қарап, ең бастысы отбасының береке-бірлігі әйел баласынан бастау алады деп тәрбиелеген халықпыз. Ал қазір кейбір қаракөздеріміздің өрескел қылықтары қоғамды алаңдатуда. Міне, осы мәселеге бей-жай қарайалмаған аудандық әйелдер кеңесі қоғамдық бірлестігі кент орталығындағы білім ошақтарын аралап, «Қыз өссе – елдің көркі» атты кездесу өткізді.
         Алдымен, кеңес мүшелері Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектепте бас қосты. Онда сөз алған меймандар оқушылар алдында дәріс оқып, ақыл-кеңестерімен бөлісті.
         – Қазақ қызы ең алдымен тәрбиелі, инабатты, кішіпейіл болуы керек деп ойлаймын. Ежелден ержүрек, өжет мінезді болған ана-әпкелеріміз, ешқашан ер адамның алдынан шықпаған, асып сөйлемеген. Осы ибалылық, сыйластық қасиеттермен қоса адамгершіліктің ана сүтімен бойына дарытқан асыл мінездерін бойына жинаған, үлгі еткен өнегелі болуы керек деп есептеймін. Әрбір елдің өміріндегі шешуші кілт – қыздарға берілетін тәлім-тәрбие арқылы өлшенеді. Қай ұлттың, қай халықтың ой қазынасын ақтарсаң да ананы құрметтеу, қастерлеу алғашқы орында тұрады. «Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі» деп бекер айтылмаса керек. Жалпы, қыз үшін ең басты нәрсе оның ақыл-парасаты, мінез-құлқы, ар-ұяты, әдеп-инабаты. Қазақтың қыздары ерте заманнан бастап-ақ, өзінің инабаттылығымен, көз тартар ашық жанарымен, нәзіктігімен, ақылдылығымен сыйлы бола білген. Қыз бала біріншіден, ана және ақжаулықты апа, әжелеріміз. Әр адамға анаңды құрметте, аяла деп бекер айтпаған. Ана баланы дүниеге әкелген сәтінен бастап, түн ұйқысын төрт бөліп, періште сәбиін әлдилеп, ақ сүтімен асырап, ер жеткізеді. Соған орай, әр адам өзінің ақжаулықты, аяулы аналарын мәңгі бақи құрметтеп, ақ түсін ақтап өтуі ол әр адамның парызы деп есептеймін. Қызға деген сый-құрмет, ар-ұятты қастерлеуге, адамгершіліктің биігінен көрінуге, жоғарғы сезімталдыққа тәрбиелеу. Біле білсек, жалпы әйел адам затының сұлулығы мінезінде, – дейді аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Әсия Мәдиева.
Мұнан соң, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Роза Ералы, «Жастар денсаулығы орталығы» КММ-нің аудандық филиалының дәрігері Ақбота Бектаева жастар арасындағы қоғамға жат мінез құлықтың алдын алу, оларды мейірімділікке, үлкендерге құрмет көрсетуге тәрбиелеу жөніңде баяндама оқыса, аналар кеңесінің мүшесі А.Орынбаева, Р.Тоқмырзаева ұлттық құндылықтарымыз бен тәлім-тәрбие аясында ақыл-кеңестерімен бөлісті.
Басқосуға қатысқан «Инабат» қыздар ұйымының жетекшісі И.Әбілдаева, қыздар ұйымынан А.Нартай өздерінің ұсыныс-пікірлерін айтты. Шара соңында аудандық әуез мектебінің өнерпаздары күй тартып, әсем дауыстарын әуелете ән салды.
Келесі күні Т.Жүргенов атындағы №123 орта мектеп-лицейінде жалғасты. Онда кеңес мүшелері мен «Жастар денсаулығы орталығы» КММ-нің Жалағаш аудандық филиалының дәрігері А.Бектаева, амбулаториялық-емханалық қызметі бар орталық аурухананың гинеколог-дәрігері С.Рүстембек хабарлама жасап, жастар тәрбиесі – басты назарда болу керектігін тағы бір еске салды.
– «Дені саудың жаны сау». Денсаулық бәрінен де қымбат, оны еш нәрсемен айырбастауға келмейді. Кішкентай ханшайымдар, ертең дендерің сау қазақтың арулары болып бой жетесіңдер, сондықтан жаман қылықтардан аулақ болып, тек түзу жолмен жүруге бет бұрыңдар. Көптің сендерге айтылар тілегі де осы болмақ. Қыз баланың өз ар- намысын сақтап, қорғай білу – оның бас байлығы, – деді шараға қатысушылар.
Иә, қыз баласының тәрбиесі қашанда назардан тыс қалмауы керек. Әйел – қоғам айнасы, отбасының ұйытқысы, ең бастысы Ана деген асыл сөздің иесі.
Айта кетейік, дәл осы мазмұндағы кездесу кент орталығындағы барлық мектептер мен Жалағаш аудандық аграрлық-колледжінде де өтті. Онда да жастардың пікірлері тыңдалып, ақыл-кеңестер айтылды.
Нұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ.
27 желтоқсан 2017 ж. 1 124 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (9593)

22 ақпан 2020 ж.

№13 (9592)

18 ақпан 2020 ж.

№12 (9591)

15 ақпан 2020 ж.

Хабарландыру

Тұрғындар назарына!

19 ақпан 2020 ж. 54

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 826

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 744

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829