» » » 120 келі қошқарды көтерген Балғынбек Имаш жұртты таңғалдырды

120 келі қошқарды көтерген Балғынбек Имаш жұртты таңғалдырды


Белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имаш қазақтың ұлттық "Дәл басу" ойынына қатысты - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы айтыскер Instagram желісіндегі парақшасында жазды. "(...) Мынау "Дәл басу" деген ұлттық ойын. Мойныңа салмағы 100 келіден асатын қошқарды салып алып, ұзын бөрененің үстінен жүріп өту керек. Қошқардың салмағымен теппе-теңдікті сақтай отырып, енді жүре бастасаң, ол ышқынып қозғалады, секірмек болады, яғни, тепе-теңдікті сақтап мәреге жету - жігіттің жігітіне ғана бұйырады (маған бұйырмады). (...) Алматы іргесіндегі Қаскелең шаһарында қазақтың ақылды ару қызы мұрындық болып өткізген Наурыз тойына барып, шағын ақындар айтысын жасап бердік. Кезек ұлттық ойындарға келгенде көрермен болып тұра бермейін деп белбуып белсене араласып кеттім. Өзім серпіліп, жұртым желпініп қалды. Бес ұлдың әкесі болғандықтан ұлдарымның нағыз ер мінезді, балуан білекті, батыр жүректі болуын қалаймын, енді оларға өзім үлгі болмасам кімге қарап бой түзейді?", - деп жазған ақын.




Сондай-ақ, айтыскер жазбасының соңында 110 келі ақ қошқарды арқалап бөренемен жүргеннен және 120 келі қошқарды мойынға салып көтеруден жарысқаннан аяқ-қолының ауырып, әрең қозғалып жүргенін айтады. Желі қолданушылары өз кезегінде "Ұлдарыңызға үлгі болғым келеді дегеніңіз қандай тамаша?! Осындай рухы биік қазақ əкелері көбейсе екен", "МА ША АЛЛАҺ КЕРЕМЕТ..! Жарайсың бауырым! Деніңізге саулық,күш қуат жігер..! Отбасыңызға амандық,бақыт нәсіп етсін", "Қанша қошқар көтерсеңіз де, алты құрсақ көтерген жеңгеміз мықты ғой, тфай тфай! Алып анадан туады", "Самғай беріңіз!" деген пікірлер қалдырып, қолдау көрсетіп жатыр.



Айта кетейік, Балғынбек Имашев Қазақстанға белгілі айтыскер. Ол 1977 жылы Алматы облысы Кербұлақ ауданы Жоламан ауылында дүниеге келген. Сондай-ақ, ол бірнеше халықаралық және республикалық сайыстардың жеңімпазы.


Kaz.tengrinews.kz
28 наурыз 2018 ж. 436 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (9557)

15 қазан 2019 ж.

№80 (9556)

12 қазан 2019 ж.

№79 (9555)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031