» » » «Көңіл әйнегі» кітабының тұсаукесер салтанаты өтті

«Көңіл әйнегі» кітабының тұсаукесер салтанаты өтті


Кеше Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын, сатирик-журналист Қазына Мералықызы Өзденбаеваның «Көңіл әйнегі» кітабының тұсаукесер салтанаты өтті. Салтанатты шарада аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев киелі Жалағаш топырағында дүниеге келіп, сұлу Сырдың жағасында сөз өнерін бойына сіңірген қарымды қаламгер, ерен еңбегімен ел құрметіне бөленген, еңбектің пірі атанған, Сыр елінің мақтанышы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Қазына Өзденбаеваның «Көңіл әйнегі» атты кітабының тұсаукесер рәсімімен құттықтап, ауданның Құрмет грамотасын және сый-сыяпат көрсетті. Шарада сонымен қатар ақынның өлеңдеріне арқау болған тракторшы апамыз, Еңбек Қызыл ту орденінің иегері Г.Қуандықова мен Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, ақын Қ.Жәленова, «Көңіл әйнегі» кітабының баспадан шығуына демеушілік көрсеткен жеке кәсіпкер Б.Мырзағалиев, Р.Ералы сөз алып, естеліктерімен бөлісті. 
Шарада автордың сөзіне жазылған әндері, өлең – жырлары, толғауы, сатиралық туындылары орындалып, жыр сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді.
16 мамыр 2018 ж. 108 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (9456)

13 қазан 2018 ж.

№76 (9455)

09 қазан 2018 ж.

№75 (9454)

06 қазан 2018 ж.

Сұхбат

12 жасар композитор
28 қыркүйек 2018 ж. 146

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031