» » » ЖОЛДАУДЫҢ МІНДЕТТЕРІНЕ САЙ ЖҮЙЕЛІ ҚАДАМДАР ЖАСАЛУДА

ЖОЛДАУДЫҢ МІНДЕТТЕРІНЕ САЙ ЖҮЙЕЛІ ҚАДАМДАР ЖАСАЛУДА


ҚУАНЫШ ДӘУРЕНБЕКОВ: Елбасы Жолдауда «Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс» атты міндетін қойды. Бұл бағытта Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жүйелі қадамдар жасауда. Атап айтар болсақ, университет білім беруде Назарбаев Университеті тәжірибесін жоспарлы түрде енгізді. Халықаралық және республикалық технопарктермен де байланыс орнатты.
Облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың тапсырмасына сәйкес, университет базасында инжинирингтік орталық ашылды. «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігіне қатысты көрсетілген міндеттерде ғалымдар агроөнеркәсіп саласында ақылды технологияларды пайдалану бағытындағы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Ақпараттық технологияларды пайдаланудағы бағыттар бойынша өткен жылы «Ақпараттық технологиялар және ғылыми жұмыстарды коммерцияландыру» басқармасы құрылды.
«КазРоботикс» қазақстандық робототехника федерациясымен робот саласы бойынша мамандар даярлау мақсатында меморандумға қол қойылды. Қазіргі таңда «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» кафедрасының студенттеріне Робототехника бағыты бойынша пәндер жүргізілуде.
Университеттің «E-Univer» жүйесінде мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық стандарттары толық қамтылған және толыққанды автоматтандырылған түрде жүзеге асырылады. 2017 жылдың 11 тамызында CISCO желілік академиясы ашылды. Қазіргі таңда, облыс әкімдігі мен Microsoft компаниясы арасындағы меморандумға сәйкес университет базасында Microsoft академиясы ашылады.
Университет мұражайының «Smart museum» интерактивті жүйесін енгізу жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағытта мұражайға келушілер смартфон арқылы барлық объектілердің 3D визуализациясы арқылы көріп, мұражайдың секторларын 3D галаграммалық бағыт бойынша таныса алады.
Қазіргі таңда университеттің жас ғалымдары «Big Data» үлкен деректермен жұмыс жасау, жасанды интеллект бағыттарында зерттеу жұмыстарын жүргізуде".


Өңірлік Коммуникациялар Қызметі
12 қаңтар 2018 ж. 140 0

PDF нұсқалар мұрағаты

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031