» » » ІШКІ ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНА ТЫҢ СЕРПІН БЕРЕТІН ЖОБА

ІШКІ ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНА ТЫҢ СЕРПІН БЕРЕТІН ЖОБА

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында біртұтас ұлт болу үшін қоғамдық сананы жаңғырту, ол үшін халық санасына жалпыұлттық құндылықтарды тереңдету қажеттігін көрсеткен болатын. Осы мақсатта елімізде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы жасалды. Жобаны жүзеге асыру мақсатында Ұлттық музей жанынан республикалық «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы құрылды.
Осы орайда бұл бағыттағы жұмыстар өзге аймақтар секілді Қызылорда облысында да жүйелі жүзеге асырылып жатқанын айтқан абзал. Нақты кезеңде жобаны жүзеге асыру мақсатында облыс әкімдігінде «Рухани жаңғыру» жобалық офисі жұмыс жасауда. Сондай-ақ, облыс әкімінің бекітуімен «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жүзеге асыру жөніндегі облыстық жұмысшы тобы құрылды. Оның құрамында елімізге белгілі ғалымдар, өлкетанушылар, жергілікті атқарушы органдардың, оқу орындарының басшылары, мәдениет, руханият, білім, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар.
Бүгінгі таңда Қазақстанның қасиетті жерлерін анықтау жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында Ұлттық музей жанынан құрылған «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығымен тығыз байланыс орнатылып, орталық тарапынан Қазақстандағы жалпыхалықтық маңызы бар 100 нысан тізіміне Қызылорда облысынан 12 нысан таңдалып алынды.
Олар – «Ірі орта ғасырлық қалалық орталықтар және Қазақ хандығының астаналары» санатына жататын Жанкент, Сығанақ, Шірік-Рабат және Жент қалашығы. «Діни және ғибадат орындары» санатына – Оқшы ата, Қорасан ата, Төлегетай-Қылышты ата кешенді мазары, Бегім ана мұнарасы, Қорқыт ата мемориалды кешені, Бұқарбай батыр кесенесі мен Жанқожа батыр мазары және Қызылорда қаласындағы Христос Спаситель шіркеуі бар.
 Ал, өңірлік маңызы бар киелі орындардың тізіміне облыстан нысандар ұсынылуда. Бүгінгі күні «Қасиетті Қазақстан» орталығы жанындағы сарапшылар кеңесі осы нысандарды қарау үстінде. Осыған орай өткен облыстық жұмысшы тобы отырысында жалпыхалықтық және өңірлік маңызы бар нысандар тізімі анықталды.
«…Жергілікті нысандар мен елді мекендерге бағытталған «Туған жер» бағдарламасынан бөлек, біз халықтың санасына одан да маңыздырақ – жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек. Ол үшін «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек» деген болатын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында.
Елбасының «Рухани жаңғыру» саласы бойынша берген тапсырмалары жедел орындалды.Бір жылдай уақытта «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты жалпыұлттық және аймақтық маңызы бар тариxи нысандарға арналған екі жинақ құрастырылды. Жалпыұлттық және аймақтық киелі жерлердің тізімі екі бөлек кітап ретінде алғаш рет жарыққа шықты. Бұл – үлкен еңбек, қыруар жұмыс. Киелі жерлердің тізімі анықталып, біртұтас картасы жасалды. Бұл кейінгі ұрпақ үшін баға жетпес олжа. Бұған қоса, бұл жоба елімізде, аймақтарда ішкі туризмнің дамуына тың серпін беретін болады.
25 шілде 2018 ж. 421 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9548)

21 қыркүйек 2019 ж.

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30