» » » Дəстүрге айналған қайырымдылық

Дəстүрге айналған қайырымдылық


Кеше ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен "Ақмешіт-Сырдария" орталық мешітінде кезекті қайырымдылық акциясы өтті, деп хабарлады ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі.
"Ислам жəне отбасы" жылы аясында өткізілген қайырымдылық шарасы ай сайын тұрақты өткізіліп отыруы дəстүрге айналған.
Сауабы мол игі шарада ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі өкіл имамы Болатбек қажы Ұласқанұлы əлеуметтік жағдайы аз қамтылған 25 отбасыға бір айлық азық-түлігін үлестірді.
Көмек алушы жандар өз кезегінде өкіл имамға риза болып, алғыстарын білдірді. 
01 тамыз 2018 ж. 680 0