» » » Тарих тереңінен тартылған

Тарих тереңінен тартылған

Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің Ата заңы болып табылады. Қазіргі мемлекетіміздің негізгі заңы конституция Елбасының басшылығымен 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық референдум негізінде қабылданып, оның жаңа жобасы жасалынды және 5 қыркүйек күні өз кү­шіне енді. Конституция 9 тарау­дан 98 баптан тұрады. Адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгілейді.
Тарихымызды құрметтегендей, Ата заңымызды да құрметтеп, бейбітшілікті сақтау үшін оның баптарын орындау керек. Ата заңымыздың өміршең күн кешкен­дігін аңғаруға болады. Мысалы, өткен тарихымызға көз жүгіртетін болсақ, қазақ халқының дәстүрлі құжаттары «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысында» қазақ қоғамының әскери, саяси және әлеуметтік өмірлік маңызы бар негізгі принциптері қамтылған. Тәуке ханның жүргізген үлкен реформасы қазақ қоғамына «Жеті Жарғы» заңдар жинағының енгізілуі еді. Тәуке хан Ұлы жүзден Төле бимен, Орта жүзден Қазыбек бимен, Кіші жүзден Әйтеке бимен кеңесе отырып, құқықтық реформаны жүзеге асырған. Қазақ хандығының ерекше тарихи әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайының туындысы «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» деп аталатын заңдар болды. Қазақ хандығының заңдары «жарғы» деп аталады. Қазақша жарғы деген әділдік дегенді білдіреді. Түпкі мәні жарудан, нәрсенің салмағын бір жағынан аудармай, дәл, әділ айырудан шыққан. Жарғы заңының негізі – әділдікті меңзеу.
Қазақ хандығының іргесін қалаушы хандардың бірі Қасым хан (1511-1521) билер кеңесінде ақылдаса отырып жарғы заңын жасап, қазақ халқының ереже тәртіптеріне өзгерістер енгізді.
Қасым ханның заңын халық «Қасым ханның қасқа жолы» деп атап кетті, бұл заңға мынадай ережелер кірген: Мүлік заңы, қылмыс заңы, әскери заң, елшілік жоралары, жұртшылық заңы. «Қасым ханның қасқа жолы» деген қазақ мемлекетінің тұңғыш конституциялық құжатын жасауы Қасым ханның қазақ халқы алдындағы зор еңбегі болды. Қасым хандығының атақ абыройы, шебер дипломатиялық саясаты шет елдерге жетті, халықтың үлкен қолдауына ие болды.
Қасым ханның қасқа жолы жеті жарғыға негіз болып қаланды.
«Қасым ханның қасқа жолы» тиісті толықтырулар мен өзгеріс­тер енгізіліп, Есім ханның (1598-1645) тұсында (Есім ханның ескі жолы) деп аталған.
«Есім ханның ескі жолы» атты конституциялық құжат автор­ларының бірі есебінде ел мүддесін қорғаған батыр Есім хан халықтың санасында ерекше есте қалды. «Есім ханның ескі жолы» өзіне дейінгі «Қасым ханның қасқа жолы» сияқты бес бөлімнен тұ­рады. Оның алғашқы тарауы жер дауы, мал-мүлік мәселелеріне арналады. Бұл тарауда әр рудың ата қонысы жаз жайлауы мен қыстауы тіпті көші-қонысының жолы көрсетіліп берілді.
Екінші тарауда қылмыс мәсе­лелері қарастырылды. Үшінші тарау – әскери заң, төртінші бөлім елшілік жоралары деп аталып, ол мемлекетаралық қатынасқа ерекше мән берді.
«Есім ханның ескі жолы» да Тәуке ханның жеті жарғысының негізі болып қаланды. Әз Тәуке «Жеті жарғы» атты конституция­лық құжат жасады. Жәңгір хан­ның баласы Тәуке ханды халық қастерлеп, әз Тәуке деп атап кеткен. Оның тұсында қазақ халқының астанасы Түркістан қаласына орнықты. Тәуке хан беделді Ұлы жүзден Төле бимен, Орта жүзден Қазыбек бимен, Кіші жүзден Әйтеке бимен кеңесе отырып, құқықтық ре­фор­маны жүзеге асырған. Олар қазақ қоғамындағы қалыптасқан құқықтық нормаларды талқылап, жаңа заң ережелерін бекіткен. Жеті жарғы жасалған ХVІІ ғ. 70-жыл­дары аса күрделі кезеңдер еді.
Қазақ қоғамындағы құқықтық жүйесінің негізгі қағидалары мен нормалары бекітілген, қо­ғам өмірінің барлық салаларын қамтылған «Жеті жарғыда» әкім­шілік, қылмыстық, азаматтық, отбасылық, құқықтардың нормаларын сонымен қатар салық, діни көзқарастар туралы ережелерді заңдық тұрғыда бекітті. Тәуке хан (1680-1718 ж.ж.) тұсында «Күлтөбенің басында күнде кеңес» өткізіліп, «Қасқа жолдың» бұрынғы бес тарауына тағы да екі тарау қосылып, «Жеті жарғы» (жеті заң) деп аталды. Бұл жаңадан қосылған екі тарау: жер дауы туралы заң мен құн дауы туралы заң еді.
«Қасқа жол» мен «Ескі жол» заңдары ХVІІ ғасырдың аяқ кезі мен ХVІІІ ғасырдың басында қайта толықтырылып, елеулі өзгерістер енгізіліп дамытылды. Тәуке хан билікті билер, ру басшылары, тайпа және жүз басшылары көмегімен нығайтуға талпынды.
Үш жүздің ойшыл саңлақ билері – Төле би, (1663-1756) Әйтеке би, Қазыбек би, (1666-1763) бұлар – қазақ хандығының аса көрнекті мемлекет қайраткерлері болған, «Жеті жарғының» жұмысына қатысқан ұйымдастырушылар ретінде олардың қазақ заңдарына қосқан еңбектерін ерекше атауға болады және де «Жеті жарғы» заңы билердің кеңесінен өтіп отырған. Қазақ халқының барлық дәуірлердегі Ата заңдарында азаматтардың құқықтары мен еркіндіктері белгіленген.
Ата заңымыз – біздің қоғамы­мыздың негізгі жетістіктерінің бірі. Елбасымыз Н.Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» атты кітабында болашақ жолын анық­таудың қиын болғанын айта келе, Қазақстанның парламенттік дағда­рыстан жаңа конституцияға қан­дай жолмен келгендігі айтылады. Конституция тек мемлекеттің ғана емес, қоғамның да Ата заңы бо­лып табылады. Қоғамның бүгіні мен болашағы үшін өз конституциямызды құрметтеп, қорғап, маңыздылығын жоғалтпай сақ­тауы – еліміздің әрбір азаматының міндеті, парызы.
Ақлима ЖҰМАШОВА,
Отырар мемлекеттік археологиялық
қорық-музейінің бөлім меңгерушісі
31 тамыз 2018 ж. 334 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9548)

21 қыркүйек 2019 ж.

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30