» » » «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық музейі Көкшетауға келді

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық музейі Көкшетауға келді

https://egemen.kz/article_photo/1537174306_article_b_1500_.jpegКөкшетаулықтар көне Тараздың тылсым тарихымен етене танысып, бір жасап қалды. Астана қаласының 20 жылдығына орай, Ақмола облыстық өлкетану музейінде «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық музейі көшпелі көрме ұйымдастырып, құнды жәдігерлерін ел назарына ұсынуда.
​Ұлы Жібек жолындағы көне қаланың тұрмысы мен мәдениетінен сыр шертетін археологиялық экспонаттар көкшетаулықтардың қызығушылығын тудырып отыр. Аталмыш мәдени шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтуде. Жалпы Жамбыл облысы аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштердің жалпы саны 3365-ті құрайды екен. Ал, аталмыш қорық музей қарауында жүзден астам тарихи-мәдени ескерткіштер жинақталған. Сол ескерткіштердің отызы республикалық дәрежедегі ескерткіштер болса, бес ірі ортағасырлық Ақыртас, Құлан, Ақтөбе-Степнинское-Баласағұн, Өрнек Қостөбе қалашықтары халықаралық дәрежедегі, яғни, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген. Респуб­ли­калық дәрежедегі 25 ескерткіштің қата­рындағы Айша бибі, Бабаджа Хатун, Қарахан баба, Тектұрмас, Дәуітбек ке­се­нелері Тараздың ін­жу-маржаны саналады. Тараздық музей қыз­меткерлері «Ежелгі Тараз ескер­ткіштері» тарихи-мәдени қорық-му­зейінің құрылғанына 20 жыл толуына орай халқымыздың тарихи қазыналарын елге көрсету үшін сапарға шығыпты. Көрмеге келушілер назарына 300-ге жуық көне жәдігерлер ұсынылған. Олардың қатарында түргештер заманынан қалған сырғалар, білезіктер, өзгеше әшекейлер, қолдан құйылған шырағдандар да бар.
Байқал БАЙӘДІЛ,
«Егемен Қазақстан».



18 қыркүйек 2018 ж. 609 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

№69 (9545)

03 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30