Керемет кәдесый

https://egemen.kz/article_photo/1537155452_article_b_1500_.jpegОтандық нарықтағы к­әдесыйлардың 80%-і шет­тен келеді. Жергілікті өнді­рушілердің бұл ба­ғыт­та жұмыстануға құлшы­ныс­тары кем бе, әлде жа­салған бұйым өз бағасын ақтамай ма? Атыраудағы «Эта­лон» жарнама агенттігі осы сауалға жауап іздеп, еңбектенуді жөн көріпті. Нәтиже жаман емес.
Бес жылдан бері полиграфия және сыртқы жарнама бойынша қызмет көрсетіп келе жатқан агент­тік тарихи жә­дігер­лердің көшірмелерін жасауды Атырауда ал­ғаш болып қолға алған. «Қазақ­станның үздік тауары» республикалық көрме-бай­қауының облыстық ке­зеңіне жергілікті материалдан дайындалған кәдесый ұсынып, үздіктер қатарынан көрінді. – Қазір жарнама агент­ті­гіміз «Самұрық-Қа­­зы­на» қорының әлеуетті жет­­кі­­зуші­лер ті­зімінде. 300-ге жу­ық бұйым түрін жасаймыз. Жыл сайын 40 жаңа бұйым әзір­лейміз. Баға мен са­па көрсеткіштерінің оң­тайлы қатынасына сәй­кес, кәсіпорын өнімде­рінің көп­шілігі алыс жә­не жақын шетелдердің на­рық­тарында табысты бәсекелесе алады деп санаймыз», – дейді мекеме басшысы Асқар Саппаев. «Эталонның» кәде­сый­лары ағаштан, орга­никалық шыныдан, бас­қа да материалдардан дайын­далады және әрқай­сы­­­­­­на дара дизайн қол­да­нылуымен ерекше.
Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан»
АТЫРАУ

18 қыркүйек 2018 ж. 457 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

№69 (9545)

03 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30