» » » «ОРДА» ЖОЛ КАРТАСЫ

«ОРДА» ЖОЛ КАРТАСЫ

Қызылорда облысының халқын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бойынша 2018-2020 жылдарға арналған
«ОРДА» ЖОЛ КАРТАСЫ
Қызылорда облысының халқын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мақсатында, халықтың кең топтарына кейіннен сатып алу құқығымен тұрғын үйлерді сатып алу үшін «Қызылорда облысының халқын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бойынша 2018-2020 жылдарға арналған «ОРДА» ЖОЛ КАРТАСЫ» (бұдан әрі – Жол картасы) әзірленді. Жол картасы бойынша тұрғын үйлерді өткізу мақсатында, қала және аудандар әкімдіктеріне, өткізілмеген облигациялар шығару арқылы салынған кредиттік тұрғын үйлердің қарызын өтеп, тұрғын үйлерді өткізу үшін немесе жеке құрылыс салушылардан тұрғын үйлерді сатып алып, өткізу үшін немесе жаңа тұрғын үйлерді салып, өткізу үшін облыстық бюджеттен 9 жыл мерзімге жыл сайын 2,0 млрд.теңгеден кем емес кредит берілетін болады.
Жол картасына қатысушылар:
І-топ – ЖАО тұрғын үй кезегінде тұрғын азаматтар (көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, мүгедек бала асырап отырған отбасылар, жетім балалар және асыраушысынан айрылған балалар, 1-2 топ мүгедектері, оралмандар, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік мекеме қызметкерлері).
ІІ-топ – ерлі-зайыптылардың екеуінің де жасы 35-ке толмаған, 2 жылдан кем емес некеде тұрған, баласы (балалары) бар отбасылар, сондай-ақ балаларды (баласы) жасы 35-ке толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір/тұл қалған ата-ананың біреуі ғана тәрбиелеп отырған толық емес отбасылар.
Жол картасына қатысушылар «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ жарияланған пулдарына өтінім беру арқылы қатысады.
Бастапқы үй алу үшін үміткерлерге қойылатын талаптар:
1) Қазақстан Республикасы азаматтығы немесе оралман мәртебесінің болуы;
2) тұру мерзіміне қарамастан, қатысушы тұрғын үй алуға үміттенген елді мекенде тұрақты тіркеуде болуы;
3) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында (ортақ бірлескен меншігі, тұрғын үй бірлігі ретінде өзге отбасы мүшелерімен ортақ бірлескен (үлестік) меншігін құрайтын үлестік меншіктегі үлесі) жеке меншік үйінің немесе сатып алу мүмкіндігі бар жалға алынған тұрғын үйінің жоқтығы;
4) тиісті табыстармен міндеттемелерді орындау мүмкіндіктерін растау;
5) «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның салымшысы болуы.
Жол картасы бойынша тұрғын үйлерді өткізу механизмі:
1. Жол картасына қатысушылар «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ жариялаған пулдарға қатысу үшін өтінім береді.
2. Ұсынылған өтінімдер бойынша «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қатысушыларға іріктеу рәсімін жүргізеді. Іріктеуден өткен қатысушылар тізімін қалыптастырып қала немесе аудан әкімдіктеріне ұсынады.
3. Қала немесе аудан әкімдіктері іріктеуден өткен қатысушылармен 8 жыл мерзімге тұрғын үйді жалға алу шартын жасасады. Бұл кезеңде қатысушы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінде тұрғын үйдің құнынан 50% жинақтайды.
4. Қажетті қаржыны жинаған жалға алушылар тұрғын үйді сатып алу мақсатында 11 жыл мерзімге банктік займдар алу үшін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ өтініш беріп, қала немесе аудан әкімдіктерінен тұрғын үйді сатып алу шартын жасасады.
5. Өткізілген тұрғын үйлерден түскен қаржыны «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қала немесе аудандар әкімдіктеріне аударады.
6. Қала және аудан әкімдіктері тиісті қаржыны бюджеттік кредитті өтеу үшін облыстық бюджетке қайтарады.
Кепілдік жарна – 500,0 мың теңге
1. 2-бөлмелі тұрғын үй құны– 7 млн.теңге.
8 жылға жалға алу төлемі - 35,0 мың теңге;
11 жылға төленетін несие – 32,2 мың теңге.
2. 3-бөлмелі тұрғын үй құны – 9 млн.тенге
8 жылға жалға алу төлемі – 43,8 мың теңге;
11 жылға төленетін несие - 40,5 мың теңге.
17 қазан 2018 ж. 837 2

Гость Jeaplause от 24 ақпан 2019 06:13
Moteur A Baclofen Confronto Viagra Levitra viagra Cephalexin 500mg Cap Lup

Гость Jeaplause от 13 наурыз 2019 08:10
Vanuatu Pharmacy Online Acheter Propecia Fr Buy Azithromycin black market zoloft Cheapest Prevacid Online Viagra Edad Avanzada Levitra O Viagra

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (9566)

16 қараша 2019 ж.

№89 (9565)

12 қараша 2019 ж.

№88 (9564)

09 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 247

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 296

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930